ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ БЫЛТЫР 1,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН САУДАЛАДЫ

21:06, 15 қаңтар 2019

Радуга серіктестігінің металл-пластик бұйымдарын шығаратын зауыты өткен жылы 1,5 млрд теңгенің өнімін жасап, саудалады. Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында салтанатты ашылған өндіріс нысаны жаңа жылдың алғашқы күндерінен-ақ жұмысқа кірісіп, табыс тауып жатыр. Солтүстік Қазақстанда қарапайым бұйымдар экономикасы қалай дамып келе жатқандығы келесі бейнематериалда.

«Радуга» серіктестігі бірнеше жыл қатарынан тұтынушыларды тұрмысқа қажетті пластик бұйымдарымен қамтамасыз етіп келеді. Олар шығарған шара мен шелектерді солтүстікқазақстандықтар ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлері мен Ресейліктерде  күн сайын қолданып келеді. Елбасының қарапайым бұйымдар экономикасын қолдау мақсатында, өткен жылдың соңында кәсіпорын жаңа желілерді іске қосып, жаңа деммен жұмыс істей бастады.   

ЕВГЕНИЙ ЛИ, «РАДУГА» ЖШС МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Пластик бұйымдарын 2002 жылдан бері шығарып келеміз. Әуелі қызылжар ауданының Бескөл ауылында жұмыс істедік.Жаңа зауыттың цехін жаңартып, өндіріс көлемін екі есе ұлғайттық. Жаңа қондырғыларды сатып алдық. Өнім түрлері 30 пайызға артты.  

Бұған дейін кәсіпорында 200 адам жұмыс істеді. Жаңартудан кейін 50 жұмыс орны қосылды. Индустриалды Картаға енген жобаның жалпы құны 894 млн теңгені құрады. Оны жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мемлекет қолдауын пайдаланып, несиенің пайыздық  ставкасын субсидиялады. Нәтижесінде жаңаланған өндіріс 200-ден астам өнім түрін шығарады.  Өндірістің басым бөлігі автоматтандырылған. Бір айта кететіні өндірісте зауыт қайта өңделген шикізатты пайдаланып, өңірдің экологиясына оң үлесіп қосып келеді.

АНАТОЛИЙ ТЮЛЮКОВ, ПЛАСТИК ҚҰЮШЫ:

- Шикізат бункерге құйылады. Онда қызып, сұйытылады да формаларға құйылады. Жмысқа келе сала, станогты тексеріп, қосамын. Гранулаларды тиісті бояумен араластырамын. Жұмыс қиын емес, алайда жауапты. Өнімнің сапасын қатаң бақылау керек. Егер сұйық пластик біркелкі жайылмаса, бұндай өнімді қайтаөңдеуге жіберіледі.

Ер адамдармен қатар, ірі өндірісте әйелдер де жұмыс істейді. Валентина Эйсмонт бала күтімі бойынша демалыстан кейін сауда саласына оралмай, зауытқа жұмысқа шықты.

ВАЛЕНТИНА ЭЙСМОНТ, ПЛАСТИК ҚҰЮШЫ:

- Өнім түрлері сан алуан. Саптыаяқ, шелек, шара, ілгешектерді жасаймыз. Қандай форма орнатып беред сондай өнім шығарамыз. Барлық автоматтармен де жұмыс істей аламыз.  

Зауыттың өнімі нарықта үлкен сұранысқа ие. Сапасы шетелдік баламалардан еш кем емес, Бағасы болса әлдеқайда арзан. Былтыр орны 500 тонна шикізатты қолданып, 1,5 млрд теңгенің өнімін шығарды.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...