ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА ТІГІНШІ МАМАНДАР ТАПШЫ

17:56, 25 сәуір 2019

Импортты азайтып, экспортты көбейту. Елімізде «Қарапайым заттар  экономикасын» дамыту қолға алынған. Жеңіл өнеркәсіпті аяққа тұрғызу мақсатында мемлекеттен қомақты қолдау шаралары да қарастырылған. Алайда бұл жеткіліксіз. Айталық өңірдің тігін фабрикаларының ең басты мәселесі кәсіби тігінші кадрлардың жоқтығы.

Кәсіпкер Сергей Сокирко 90-шы жылдары Петропавлда алғашқылардың бірі болып жекеменшік тігін цехін ашқан. Өндірісті дамыту жолында  талай белестерден өтіп, қиындықтарды жеңіп келді. Ол кезде ең бастысы қаржы мәселесі болса, қазір бірінші орынға кадр тапшылығы шығып отыр.

СЕРГЕЙ СОКИРКО, КӘСІПКЕР:

- 90-шы жылдары адамдар  жұмыстан қорықпайтын, нанын тауып жеуге жарайтын кез-келген жұмыстан бас тапртаған. Тігінші, аспаз дегендер көп еді. Қазір заман өзгеріп, жастардың көбісі қарапайым жұмыс істегілері келмей кетті. Нәтижесінде заңгер, экономист сияқты дипломы барларды  жұмысқа қабылдап, өзіміз  қайта оқытамыз. 

Кәсіпкердің айтуынша үкімет тарапынан жеңіл өнеркәсіпке деген қолдау түрлері артқан. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында ол жеңілдетілген несие рәсімдеп, өндіріс құрылғыларының біразін жаңартты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған форманы тігумен айналысатын кәсіпорынның өніміне деген  сұраныс та жақсы. Тапсырысты толығымен орындау мақсатында жаңа оқу жылына дайындықты олар қыстан бастайды.

НАТАЛЬЯ ГРИЦАЙ, КОНСТРУКТОР-МОДЕЛЬЕР:

- Фабрикадағы жұмыс бір күнге де тоқтамайды. Жаңа маусымға дайын болуымыз үшін жыл басынан бастап, аяғына дейін үздіксіз істейміз. Қазіргі балалар  сәнқой. Оларға үнемі жаңа модель түрін ойлап, құрастырып жатамыз. Әр мектепке форманың бірнеше үлгісін ұсынып, таңдауға мүмкіндік береміз. 

Мектеп формасы барлық мектепте енгіелі, кәсіпорын жұмысы да алға басып, тігіншілер ұжымын 25 адамнан 50 адамға дейін ұлғайтты. Алайда соңғы 3 жылда кәсіби тігінші мамандығы бар небары 2-3 адам ғана қабылданды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...