ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА БИДАЙДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

21:14, 11 қазан 2018

Тайынша ауданындағы «Биохим» зауыты қайта іске қосылды. Өнідіріс орны бұған дейін шығынға батып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ал енді жаңа инвестрлардың арқасында кәсіпорын бидайды терең өңдеуді және биоэталон өндіруді жолға қоймақ. Кәсіпорынды облыс әкімі Құмар Ақсақалов және ауыл  шаруашылығы вице министрі Берік Бейсенғалиев салтанатты түрде іске қосты.

Бірегей кәсіпорын өңір экономикасының дамуына қуатты серпін бермек. Зауытта шамамен қазақстандық400 маман жұмыс істейтін болады. Осылайша Тайынша ауданының қазынасына жыл сайын салық түрінде 100 млн теңге түсіп отырады. Кәсіпорын тек жергілікті шикізатты  қолданбақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұрын біз кликовина мен крахмалды басқа мемлекеттерден импорт арқылы алып жүруші едік. Енді крахмалды да глютенді де өзіміз экспорттап бүткіл елдің қажеттілігін 100 процентке жабатын болды. Бүгінгі күні 400 жаңа жұмыс орны ашылды. Инсвесторлар 5,5 млрд теңге құйып енді келесі этап ол биэтанол шығару, инвестрлерден тағы 6 млрд шығаратын боламыз.

Сандық жүйе және заманауи тың технологиялар. Крахмал мен кілегейді өндіруге бағытталған екінші кезеңді өңір басшысы Құмар Ақсақалов қосты. Бұл үрдістің жаңашылдығы сол  - ол жай ғана планшетпен жүзеге асырылды.

Бидайды терең өңдейтін, түрлі тыңайтқыштар мен жемазық өндіретін  қуатты кәсіпорынды қайта іске қосу үшін отандық инвесторлар қаржы құйды. Мұны үлкен жетістікке балауға әбден болады. Өйткені еліміздегі көптеген өндіріс орындарын шетелдік инвестрлар қаржыландырады.

БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-  Елбасмыз ауыл шарушылығы өнімдерін 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Оған қоса экспорт көлемін ұлғайту міндеті тұр. Мемлекет басшысының  тапсырмаларын орындауда осы сынды кәсіпорындардың атқаратын рөлі ерек. Егер өндіріс ошақтарының жұмысы алға басса еңбек өнімділігі де арта түседі.

Бидайды терең өңдеу -  өндірістің болашағы бар бағыттарының бірі, ал крахмал мен құрғақ кілегей экспорт нарығындағы үлкен сұранысқа ие. Зауыт жылына 200 мың тонна бидай өңдеуге қауқарлы. Сондықтан да жақын болашақта өнімдеріміз әлемдік нарыққа шығуы әбден мүмкін. Кәсіпкерлердің көздегені де осы.

СӘБИТ АХМЕТОВ, «BIOOPERATIONS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұл зауытты үш этапқа бөліп жүргізіп жатырмыз. Қазіргі кезде біз өзіміздің өнімімізді 19 мың тонна крахмалға үлкейтуг жоспарлап отырмыз, енді алда жоспарлар өте көп. 2021 жылдарға лизин және амин кислоталарды жасауды бастаймыз. Оған енді барлық күштеріміз дайын, құралдарымыз дайын, адамдарымыз дайын.

Ал зауыттың оратлық зертханасында 20 адам еңбек етеді. Мұнда сағат сайын өнімдердің сапасы тексеріледі. Сондай – ақ әр өнімге 10 анализден жасалады. Кәсіпкерлер келер жылы экологиялық таза өнім шығаруды көздеп отыр. Осылайша Биэтанол біздің елімізге импортталатын улы метанолды алмастырмақ.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жаңа зауыт, бидайды терең өңдейтін зауыт

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...