ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

РЕСЕЙ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН ӘКЕЛІНЕТІН ҚҰС ӨНІМДЕРІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙДЫ

21:29, 26 қыркүйек 2018

Ресейдің «Россельхознадзор» ұйымы 26 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінетін құс пен термиялық өңдеуден өтпеген құс етіне, жұмыртқа және барлық құс өнімдерін енгізуге  уақытша  тыйым салды.

Бұған, жазда Айыртау ауданындағы Елецкое ауылында Ньюкасл дертінің, яғни азиялық құс ауруының анықталуына байланысты жарияланған карантин себеп болды. Онда ауру жыл құстарынан жұқты деген болжам айтылған еді. Осыған орай арнайы шара қабылданып, екпе қойылды. Мамандардың айтуынша биыл Елецкое мен жақын маңайдағы ауылдардағы 2500 мың құсқа вакцина егілді. Қазір жағдай тұрақты. Бір айта кетерлігі, Айыртау ауданынан Ресейге құс пен құс еті ешқашан экспортталған емес. Бірақ, экспортқа, уақытша болса да шектеу қойылуы экономикалық тұрғыдан  біраз шығынға батырары анық.

АЛТЫНБЕК  АБДОЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, құс өнімдеріне шектеу қойылды

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...