ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

РУБЛЕВКА АУЫЛЫНДА СҮТ ФЕРМАСЫ МЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20:46, 12 желтоқсан 2018

Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында мың басқа арналған мал шаруашылығы кешені ашылды. Сондай-ақ, «Зенченко и К» командиттік серіктестігі өз қаражатына елдімекендегі ескі мәдениет үйін күрделі жөндеп, пайдалануға берді. Нысандардың ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.  

Мал шаруашылығы кешені үш нысаннан құралған, бірінде қара мал тұрса, қалған екеуінде сиырлар төлдеп, сауылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 млрд теңге жұмсалыпты. Сондай-ақ, Бавариядан 600 бас симменталь тұқымды қара мал жеткізілді.

ИВАН ЗЕНЧЕНКО, «ИВАН ЗЕНЧЕНКО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Мал шаруашылығы кешені қазір тәулігіне 10 тонна шикізатты өңдеуге жібереді. Бір ай ішінде бұл көрсеткішті 14 тоннаға жеткізбекшіміз. Бүгінде мал бұзаулап жатыр,  500 төл алдық. Келесі жылы тағы бір базаны салуды жоспарлап отырмыз.

Өңір басшысы жыл сайын  бір сиырдан 8 мың литр сүт сауу, бұл өте жақсы көрсеткіш екенін атап өтті. Мал шаруашылығы кешеніне 25 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың орташа еңбекақысы 100 мың теңге көлемінде. Сонымен қатар, жалақы көлемі сүт мөлшеріне де байланысты болмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ:

- Елбасымыз цифрлық экономиканы қалыптастыруды тапсырды. Осы мақсатта біз 4 заманауи техникалармен жабдықталған фермалар ашып отырмыз. Жыл сайын облысымызда 3-4 ферма салынатын болады. Биыл біз 500 тонна сүт өндіретін боламыз. Бұл біздің сут фермаларына жақсы мүмкіндік береді.

 Автоматтандыру және цифрландыру. Сиырлардың жағдайы мен олардан  алынған өнімнің көлемі қазіргі заманғы жабдықтардың мониторында оңай бақыланады.

НҰРГҮЛ ЖҮНІСОВА, БАС ЗООТЕХНИК:

- Мұнда барлығы көрініп тұрады. Мынау олардың қарғыбаулары. Егер нольді көрсетіп тұрса, онда әлі сауылып бітпеді деген сөз. Ол кезде сауыншылар қайтадан сауу аппараттарын қосады.

Сүт фермасын аралау барысында Құмар Ақсақалов жер иелерімен шағын кездесу өткізіп, мал шаруашылығымен айналысу қажеттігін тағы да ескертті.

- Міне, бүгін таңда осылай жұмыс істеу керек. Тәуелсіздік күні қарсаңында 4 цифрлық  ферма ашамыз. Субсидиялауда да көмек көрсетіліп жатыр. Келер  жылы кем дегенде 4-5 ферма салуды бастау керек. Заманауи фермалар салу қажет. Жыл сайын ауыл шаруашылығына 100 млрд теңге бөлінеді. 

Жұмыс пен қатар мәдени  іс-шараларға  да аса назар аудару керек. 15 жылдан астам уақыт қирап тұрған Мәдениет үйі де қайта жаңа кейіпке енді. Концерт залында алдағы уақытта көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.

- Келісім-шартқа отырғанбыз. Біз төлеп, оны  күтіп ұстаймыз. Мәдениет үйі- бұл өнер адамдарының ордасы. Жастар мен бүлдіршіндер мұнда келіп, өздерінің жаңа қырларынан таныла білуі керек.

Мәдениет үйінде қазақ ұлттық ансамблі де жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта ұжым мерекелік іс-шараларға қызу дайындық үстінде.

ЛЮБОВЬ ШЛЕГЕЛЬ, ӘНШІ:

- Біздің аналарымыз осы жерде би билеген. Бізге осындай керемет клуб салып бергені үшін ризамыз. Бұрын бұл жерде тек қана 2 қабырға болса, ал қазір керемет мәдениет үйі бар.

Сонымен қатар, облыс әкімі Аққайың ауданының тұрғындарымен де кездесті. Инфрақұрылымдарды одан әрі дамытып,әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы және қосымша жұмыс орындарын ашу туралы сөз етті.

Наталья АИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...