ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ШУНГИТ МИНЕРАЛЫНАН ЖАСАЛҒАН ӨНІМДЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

18:13, 21 қыркүйек 2018

 

«G-TIME CORPORATION» ЖШС еліміздегі ең ірі маркетингті компаниялардың бірі. 2015 жылдан бері экологиялық таза өнімдер шығарады. Шунгит негізінде жасалған косметикалық өнімдер Қазақстанда ғана емес, шетелде үлкен сұранысқа ие. Табиғи  өнімді петропавлдық Мария Горобецтің кеңсе-қоймасынан сатып алуға болады.

«G-TIME CORPORATION»  компаниясы шунгит негізінде сабын,опа-далап,жақпа майлар секілді экологиялық таза өнімдер шығарады.Табиғи отандық өнімдерді тек елімізде ғана емес, 82 мемлекет қолданып отыр. Шунгит – минералды тас.  Оның адам ағзасын тазартатын қасиеті бар, ал, суға салса, құрамы бұлақ суынан кем болмайды екен. Бұрын тек Карелияда ғана өндірілсе, енді бұл тас Қазақстанның шығысынан табылып отыр. 

МАРИЯ ГОРОБЕЦ, «G-TIME CORPORATION» ЖШС ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:

- Қазақстан пайдалы қазбаға бай мемлекет екені ешкімге құпия емес. Еліміздің шығысында шығарылатын шунгиттің  49 млн жуық тонна қоры бар. «Шұғыла шунгит» зауыты Алматы  мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Аталған ірі жоба Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия ғылымдарының докторы,профессор Сергей Ефремовпен бірігіп жүзеге асырылып жатыр. Бүгіндері мамандар шунгиттен  тері ауруларына, күнге  қарсы тұратын түрлі жақпа майлар, сабын жасай бастаған.

ОЛЬГА ДЕНИСОВ,  «G-TIME CORPORATION» А   ЖШС ӨКІЛІ:

- Шұғыла шунгит өнімдері экологиялық таза ешқандай химиялық қоспалар жоқ сондықтан да болар ,елімізде кеңінен танымал әрі қолданысқа ие.Біздің компанияда сабыннан бастап,түрлі жақпа майлар.Атап айтсақ шығарылатын өнімдердің саны 40 қа жетті.

Алина Садупова компанияның өнімін өзі қолданып қана қоймай, отандық өнімнің пайдасы жайлы халыққа жеткізіп, нәтижесінде көріп келеді.

АЛИНА САДУПОВА,  «G-TIME CORPORATION» ӨКІЛІ:

-  Жарты жыл бұрын бір танысым баласының тері аурымен сырқаттанып қалғанын айтқан болатын. Мен біздің компанияда шығарылатын химиялық қоспасыз дайындалатын сабын мен жақпа майды қолданып көруге кеңес бердім нәтижесі жақсы.

Айгүл Исенова «Шұғылы шунгит» компаниясының қазір тұрақты тұтынушысы. Спортпен айналысатын ұлының денесінде белгісіз дақтар пайда болып, қанша емдесе де кетпепті. Кейін шунгит сабыны мен жақпа майын қолданған. Нәтижесін екі айдың ішінде көрген.

АЙГҮЛ ИСЕНОВА, «G-TIME CORPORATION» ЖШС ӨКІЛІ:

- Апармаған дәрігерім қалмады. Жарты жылда толық жазылдық. Отандық ғажайып өнімнің халыққа берері мол.

ШАРҒИЯ МҰҚЫШЕВА, «G-TIME CORPORATION»  ЖШС ӨКІЛІ:

- «ШҰҒЫЛА ШУНГИТ» компаниясы бүгіндері бренд,әлемде аналогы жоқ деуге болады. Мұнда жасалатын табиғи өнімдерге тек елімізде ғана емес, алыс жақын шет елдерде сұраныс мол.Халқымыздың денсаулығының сапалы болуына септігі тиетініне сенімім зор.

«Шұғыла шунгит» зауытынан шығарылатын отандық  өнімнің 40-қа жуық түрін, 80 мемлекет қолданып отырған көрінеді. Емдік шөптерден жасалған өнімдер түрлі тері ауруларымен қоса көптеген сыртқатқа ем дейді мамандар.

Бүгіндері Алматы зауыты отандық тауар өндіруге қосқан үлестері үшін бірнеше мемлекеттік марапатқа ие болды. Сапалы өнімді сатып аламын деушілер оны Петропавл қаласындағы  Сутюшев көшесіндегі 60 үйдегі «ХИЛТОН» сауда орталығынан табады. Анықтаманы 87777637207 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Ләззат ЖАҚАН

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар