ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ШЫНЫ ШӨЛМЕКТЕРДЕН САЛЫНҒАН ЖЫЛЫЖАЙ

17:55, 11 сәуір 2019

Ғабит Мүсірепов ауданындағы Нежинка ауылында пальма ағашы өседі. Елдімекендегі қызықты жайт бір бұл емес. Ауылда толығымен шыны бөтелкелерден салынған үлкен жылыжай бар. Оны осыдан 10 жыл бұрын жергілікті кәсіпкер тұрғызған болатын. Қазір мұнда жеміс ағаштары, көкөністер, хош иісті гүлдермен қатар, тропикалық ағаш – пальма да жайқала өсіп тұр.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Мына пальма ағашы осы жылыжайға осыдан 6 жыл бұрын әкелінген, өздеріңіз көріп отырғандай қазіргі уақытта ол үлкен мәуелі ағашқа айналып отыр.Нежинка ауылдық округінде осыдан 10 жыл бұрын құрылған жылыжайда қазіргі уақытта көкөністер мен қатар гүлдің 20ға жуық түрі өсіріледі екен.Мынау раушан гүлі жақында ған гүлдеген екен.

Жылыжай түрлі пішіндегі 147 мың бөтелкеден салынған. Оның құрылысына шамамен 10 жылдай уақыт кеткен екен.  Татьяна Савенкова жылыжайда ашылған күннен бері жұмыс істеп келеді. Қазір мұнда қияр, қызанақ пен гүлдердің 20-дан астам түрлерінің мыңдаған тоннасы өсіріліп, халықтың тұтынуына берілді. Басында жергілікті кәсіпкердің тың идеясына күмәнмен қарағандар да көп болды деп еске түсіреді әйел. Алайда солтүстіктің суығы мен ыстығына төтеп берген жылыжай бүгінгі таңда аудан тұрғындарын қуантып келеді.

ТАТЬЯНА САВЕНКОВА, ЖЫЛЫЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Жылыжайда әрдайым шамамен +20,25 градус жылылық сақталынып тұрады. Жаз мезгілінде +40 градусқа дейін жететін күндер де болады. Мұндай температура қияр, қызанақ өсіру үшін өте қолайлы. Суарған кезде Есіл суын қолданамыз. Тұзды суды мүлдем пайдаланбауға тырысамыз. Қызанақ көшеттерін күн жылынған соң даладағы бақшаға отырғызамыз.

Шыны шөлмектердің ауыздары бір-біріне қарай екі қатармен салынған жылыжайда қазіргі уақытта 2 маман еңбектенуде. Болашақта мамандар мұнда кішігірм жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

ТАТЬЯНА САВЕНКОВА, ЖЫЛЫЖАЙ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ең бастысы ол шатырды жөндеу қажет. Әрине 10 жылдың ішінде  жауын-шашынның салдарынан поликарбонат аздап тозды. Сол себепті күн сәулесі мен жарық аз түсетін болды. Жаз мезгілінде жаңа шатыр төсейтін боламыз. Сонымен қатар жаз мезгілінде екінші жылыжайдың құрылысын бастаймыз ба деген жоспарымыз бар.

Шыны шөлмектерді ауыл тұрғындары жұмылып әр жерден жинап осылайша кәдеге жаратады екен. Ал жиналған көкөністер мен жемістер жергілікті мектепке және балабақшаға балақайлардың дастарханына жол тартады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...