ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СҚО-ДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 100 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖЕТПЕК

21:32, 7 қыркүйек 2018

Өңір атқа мінерлерінің сөзінше, облыстағы өнеркәсіп ошақтарының өндіріс көлемін 2022 жылға дейін 350 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 4 ірі машина жасау зауыты жұмыс қарқынын аздап төмендеткенімен Қорғыныс министрлігі мен Аэроғарыш саласы бойынша қабылданған шаралар, кәсіпорындардың жұмысын жандандыруда. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша зауыттарға 3,3 млрд теңге қаражат аударылады. Бұдан бөлек бірнеше жоба қолға алынды. Мысалы жуық арада машина құрастыру зауыты іске қосылады.

Мына көне технология мен ескірген жабдықтардың орнына – вагон құрастыру зауыты  ашылады. Бұл «Зиксто» АҚ-ның алдағы 3 жылда іске асыратын жоспары. Олар жылына 5000 – ға жуық вагон шығаруды көздейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мұнда жаңа зауыт саламыз. Оның аумағы 37 мың шаршы метрді құрайды. Біз доңғалақты платформалар мен астық таситын жаңа вагондар шығарамыз.

«Зиксто» АҚ ішкі сұранысты толығымен қамтып қана қоймай, сыртқы нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Ол үшін зауыт Шведциядан құны 45 млн теңгенің 2 дәнекерлеу порталын әкелген. Бұл жабдық сыйымдылығы үлкен контейнерлерге арналған ұзын платформалар  шығарады.

СЕРГЕЙ НЕПОМНЯЩИЙ, «ЗИКСТО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда зауыт инновациялық ұзынбазалы платформаларды өндіруге мамандандырылды. Бұл платформалардың бұрынғыдан  айырмашылығы сыйымдылығы екі есеге көп. Яғни тасымалдау көлемі де екі есеге артады деген сөз. 2016 жылы алғаш рет «Қазақстан темір жолы»  - нан 1108 платформаға тапсырыс алдық. Бұл тапсырысты толығымен орындадық. Енді вагондарға деген сұраныс артып, тағы құны 27 млрд теңгені құрайтын 1700 платформаға тапсырыс қабылдадық. 

Сонымен қатар зауыт қорғаныс саласындағы техника шығаруды жақсы жолға қойған. Мұнда акваторияларды қорғауға арналған су асты миналары шығарылады. Айта кеткен жөн «Зиксто» АҚ 1941 жылдан бері ТМД аумағындағы қарудың осы түрін шығаратын жалғыз кәсіпорын.

ВАЛЕРИЙ СПИЦЫН, «ЗИКСТО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСРЫ:

Өткен жылы Ресейге бұл миналардың 50-і жеткізілді. Қазір Қазақстан үшін жасап жатырмыз, өйткені Каспий теңізін қорғау қажет.

Тағыда айта кететін жайт «Зиксто» АҚ құны  23,4 млрд теңгені құрайтын тапсырыстың, бүгінде 60 пайызы орындалған.  

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ, Яна ГЛАДКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...