ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

СҚО-ДА РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:40, 22 мамыр 2019

Солтүстік Қазақстан облысында заманауи қоспажем шығаратын зауыт ашылды. Роботтандырылған Жаңа кәсіпорын  Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында салынды. Өйткені елді-мекен темір жол бойында, ыңғайлы жерде  орналасқан.  Жобаға жұмсалған  инвестиция көлемі – 4 млрд теңгені құрайды.  

Зауыттың салтанатты түрде іске қосылуына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі  Құмар Ақсақалов қатысты.

Бұл еліміздегі ең ірі әрі бірінші қоспажем зауыты болып табылады. Ол  жылына 360 мың тонна дайын өнімді шығаруға қауқарлы.  «KAZMEAL» компаниясының бас директорының сөзінше  жобаны іске қосу үшін шетелден инвестиция тартырлған. Барлық құрал-жабдық Қытайдан сатып әкелінген.

ДИНА ӨТЕБАЕВА, «KAZMEAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Жабдық толығымен Қытайдан әкелінді. Сонымен қатар, біздің дайын өнімнің барлығы Қытайға сатылатын болады. Ол үшін келісім-шарт жасалды. Қытайлық серіктестермен алғашқы жобамызды іске асыратын аймақты ұзақ уақыт бойы таңдаған едік. Инвестициялық базаны, климатты, шикізат базасын, элеватордың болуын ескере отырып таңдау Новоишим елді-мекеніне түсті.

Өңір жетекшісі зауыттың ең басты ерекшелігін көрді.  Ол – қаптарды робот арқылы арту жүйесі. Барлық жабдық - электроника және сандық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарына кіретін танымал компанияға тиесілі.  Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов шикізат пен дайын өнімнің сапасын тексеретін зертхананың жұмысымен танысты. Терең өнделген астықтан қоспажем алынады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 5,5 млн тонна өндейтін облысымыз үшін өте маңызды жоба. Зауыттың қуаттылығы 360 мың тонна. Сапалы өнім шығаратын зауыт. Инвестиция тартылған 4,2 млрд теңге. Оның жартысы шетелдің инвестициясы. 70-тен аса тұрақты жұмыс орын ашылды.

Зауытта 76 жаңа жұмыс орны ашылды. Дайын өнім экспортқа жөнелтіледі. Ал, барлық кезеңдерді диспетчер басқарып, қадағалайды.

ГЕННАДИЙ ЦВИГУН, ПУЛЬТТІ БАСҚАРУ ДИСПЕТЧЕРІ:

Мұнда барлығы автоматтандырылған. Менің міндетіме барлығын бақылау және қадағалау кіреді.Апат орын алп жатса, көмекшімен бірге оны жоюға тырысамыз. Бізді оқыту үшін Қытайдан арнайы мамандар келді.

Зауыттың үздік технологиялары сапалы әрі қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық сапа стандарты енгізілген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...