ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СҚО-ДА ЖАСАЛҒАН

14:04, 16 мамыр 2019

Бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстан нарығында жаңа ет өңдеуші кәсіпорын «Загот Интер» серіктестігі өз жұмысын бастады. Бүгінде кешеннің ет өңдеуші цехында 50-ден астам өнім шығарылады. Өндіріс басшылығы қандай ұстаныммен жұмыс істейді, тілшіміз тарқатсын.

«Загот Интер» ЖШС Қызылжар ауданындағы соңғы ашылған кәсіпорындардың бірі. Мемлекеттің қолдауымен жұмыс бастаған цех сапалы ет және дәмдеуіштермен шұжық пен деликатестің бірнеше түрін өндіреді. Сондықтан да әр өнімнің жарамдылық мерзімі ұзақ емес.

ШУМИ  ИСАКОВ, КӘСІПОРЫН ЖЕТЕКШІСІ:

- Бірінші нысанды біз 2013 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен аштық. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы алғашқы несие берілді. 2015 жылы қасапхананы іске қосып, бір жылдан соң ет өңдеу цехын, шұжық өнімдерін шығаруды жолға қойдық. Бүгінде шұжықтың 52 түрін шығарамыз және Қазақстан мен Ресейде өткіземіз.

Бүгінде кәсіпорында малды сою, ет өндіру мен оны сақтап, нарыққа шығару толықтай жолға қойылған. 2016 жылы компания заманауи автоматтандырылған, қасапхана мен етті сақтау пунктін ашыты. Мұнда жылына 4 мың тонна етті өндіре алады. Барлық процесс жаңа құрылғылармен іске асырылады.

ТАТЬЯНА ЗВАЛИНСКАЯ, МАЛ СОЮ ЦЕХЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бізге малды барлық аудандардан әкеледі. Бірінші біз оларды сойып, арнайы камерада етін салқындатамыз одан соң етті жілікке бөлеміз. Мұнда мұздатқыш 8 камера бар.

Өнімді өңдейтін цех та заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жылына мұнда 840 мың тонна дайын өнім шығара алады.

ЛЮДМИЛА ФЕДУКИНА, ТЕХНОЛОГ:

- Біз нарыққа жоғары сапалы өніммен келдік. Дүкен сөрелерінде ресейлік арзан өнімдер көп. Сондықтан да бәсекелес болу қиын, өйткен өзге мемлекеттен экспортталған өнім қашан да арзан болып келеді және олар өнімде етті үнемдейді.

Кәсіпорын шұжықтар мен деликатестерін «Нубаев шұжықтары» брендімен саудалайды. Алдағы уақытта жаңа жартылай фабрикаттар цехын ашуды жоспарлап отырған компания сауда орындарын да кеңейтпекші.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...