ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

СҚО ҚИЫРШЫҚ ТАС ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

20:47, 19 қазан 2018

Шал ақын ауданында қиыршық тас өндіретін зауыт ашылды. Аютас ауылдық округі 50 мың тоннаға дейін ұсақталған тас шығаруды жоспарлауда. Тау массасы қалай құрылыс материалына айналады, тілшіміз тарқатады.

Ерқанат Омаровтың әр күні осы ұнтақтап-сұрыптау кешенінде өтеді. Ол-өндірістік процестің негізгі бастауы десек артық айтқанымыз емес. Басқа қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жұмыстарын  бақылау Ерқанат Омаровтың яғни  оператордың міндеті.

ЕРҚАНАТ ОМАРОВ, ОПЕРАТОР:

Әрбір жұмыс күніміз техниканы тексерумен басталады. Белгілі бір профилактикалық жұмыстарда өткізіп тұрамыз. Құрылғыларды операторлар бөлмесінен бақылап қарап отырамыз. Өйткені әр қайсысы, әр жақта орналасқандықтан ешқандай ақаулар орын алмас үшін үнемі бақылап, қарап отыру қажет.

Зауытта 4 фракциялы 5-тен 10 мм-ге дейін және 40-тан 70-ке дейігі аралықта  қиыршық тас шығарылады. Кәсіпорында қажетті процесстер толықтай жүргізіледі.  Яғни, өндіруден бастап дайын өнім алғанға дейін барлық жұмыстар атқарылады.. Сағатына ұнтақтап-сұрыптау кешенінде  150-ден 220 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Жалпы, зауыттың жылына 50 мың тоннаға дейін қиыршық тас шығаруға мүмкіндіктері толықтай жеткілікті.   

ДАРХАН ЖҰМА, ЖШС ДИРЕКТОРЫ

- Тас ұсақтағышқа бункер арқылы кіреді. Ұсақталғаннан кейін, роторлы ұсақтағышқа түседі. Содан кейін олар фракцияларға бөлінеді. Жалпы құрылысқа және орнатуға 300 млн теңге жұмсалды.

Кәсіпкер кеткен шығынның орнын  2-3 жылда толтыруды жоспарлап отыр. Жаңа нысанның арқасында облысымызда 15 адам  жұмысқа орналасты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қиыршық тас өндіру зауыты

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар