ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15:02, 11 желтоқсан 2018

Тайынша ауданындағы «Зеленые луга» серіктестігі сүт фермасын іске қосты. Красная поляна ауылында ашылған нысан соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.  50-ге жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отырған зауыттың ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Жалпы, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыста осындай тағы төрт ферма ашылмақ. Толығырақ келесі материалда.

«Зеленые луга» ЖШС-де 300-ге жуық тайынша мен 140 шақты бұзау бар. Енді сауылған сүт жаңа фермада өңделіп, тұтынушыларға жол тартады.  Пайдалы, дәруменге толы өнім шығару үшін нысан соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Құмар Ақсақалов Красная поляна ауылындағы бірінші сүт-тауар ферманы іске қосты.

Облыс басшысы зауыт қызметкерлерімен кездесіп, ауылл азаматтарының әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылда немен айналысу қажет? Ауылшаруашылық өнімдерін шығару керек. Ол ет, сүт тағы басқалары. Мемлкет тарапынан осыншама көмек көрсетіліп отырғандықтан, осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануымыз керек. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар көп. Жұмыстың оң басуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан, іске сәт.

Сиырды саууға арналған зал ең соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Әр сиыр туралы мәліметті компьютерден табуға болады. Құрылғының көмегімен оператор малдың жағдайын бақылап отырады. Күніне әр сиыр 25 литрге жуық сүт береді.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, «ЗЕЛЕНЫЕ ЛУГА» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Ақмола облысының «Садовая» сүтті тауар фермасымен  бірге қызмет жасаймыз. Сүтті 110 тг-ден , күніне шамамен 3200 л тапсырамыз, бұл көрсеткіш әлі де аз.  6-7 мыңға дейін сүтті көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз. Аграрлық несие корпорациясынан 300 млн теңге соммасында несие алып, 80 млн қайтарып үлгердік, қалғанын 10 жыл уақытында төлеп отырмақпыз.

Қожалық ауылдың 50-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа жалақысы 120 мың теңгені құрайды. Валентина Становскаяның бұл салаға келгеніне 20 жылдан асқан.  Бүгінгі күнгі заманауи құрылғылармен жұмыс істеудің өзі рахат дейді.

ВАЛЕНТИНА СТАНОВСКАЯ, САУЫНШЫ:

1993 жылы осы зауытқа жұмыс істеуге келгем.  Бірнеше рет атауы өзгеріп, басшылары да ауысты. Бірақ мен сүйген ісіммен айнылыса бердім. Жұмыс таңғы 6 шамасында басталады. Күніне 3 рет сиыр сауамыз. Бір сауымда 16 қара мал бірден сауылады. Жұмысым өзіме ұнайды.

Бұл жобаны соңына дейін жеткізу үшін қожалық тағы 3 ферма салуы қажет. Бұзау мен сиырларға арналған және жем беру қоралары болмақ. Толығымен ферма құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.  Жалпы, облыста 4 заманауи сүт тауарлы фермасы салынып жатыр. Осының арқасында жылына қосымша 17 мың тонна сүт өндірілетін болады. Ал, Тәуелсіздік күні қарсаңында Тайынша, Аққайын, Қызылжар аудандарында тағы төртеуі пайдалануға берілмек.   

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...