ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ ЕТ КОМБИНАТЫ АШЫЛДЫ

21:04, 21 мамыр 2019

Тайынша ауданында жылына 50 мың ірі қара мен шошқа етін өңдеп, 3 мың тонна дайын өнім шығаратын комбинат қайта іске қосылды. Ол Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың қатарына еніп отыр. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауданға іс сапармен барып, комбинаттың жұмысымен, сондай – ақ жергілікті диқандармен кездесіп танап басындағы егіс науқанының барысымен танысты. Әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов рет – ретімен баяндасын.

2009  жылы ашылып, қаржылай қиыншылық көрген  ет комбинаты 5 жылдан кейін жұмысын тоқтатқан болатын. 2017 жылы  жеке инвесторлар кәсіпорынның акцияларын сатып алып, 5 млрд теңге қаражат құйды. Енді өндіріс ошағы қайта ашылып отыр.

ҚАНАТ АТЕЙБЕКОВ, «EMC AGRO» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгіннен бастап бірінші өндірісімізді жүргізіп жатырмыз. 2009 жылы бұл комбинат ашылған еризис себептерімен 2014 жылы тоқтап 3 жылдай тұрып қалды. 2017 жылдан бері акциянерлер алып комбинатты іске қосты.

Күніне 500 ірі қарамен шошқа етін өңдейтін өндіріс ошағы қуаттылығы жағынан Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың  қатарына еніп отыр. Айтап айтсақ комбинат жылына 50 мың мал етін өңдеп, 3 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қауқарлы.

Маусым айында комбинат жанынан 100 мың  шошқаға шақталған ферма салынбақшы. Ол үшін шетелден арнайы құрылғылар мен жабдықтар әкелінбек. Бұл бағытқа инвесторлар 12 млрд теңге құюға әзір. Өйткені Қытайлықтар шошқа етіне ерекше қызығушылық танытып отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша 2021 жылдан бастап қытайға 50 мың тонна ет экспорттау көзделген. Қазірдің өзінде аспан асты елімен келіссөздер жасалынып жатыр.

ҚАНАТ АТЕЙБЕКОВ, «EMC AGRO» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Қытай біздің сауда – саттық тұрғысынан сенімді серіктесіміз. Өнім табиғи таза және сапасы жоғары болғандықтан олардың қызығушылығы артып отыр. Биыл аспан асты еліне 2000 тонна шошқа етін жібереміз. Ал болашақта бұл көрсеткішті 50 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар.

Қазір кәсіпорында шошқа мен ірі қара етінен дайындалатын 60 түрлі  өнім шығарылады. Өндіріс ошағының қайта іске қосылуының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, 74 адам еңбекпен қамтылды. Солардың бірі Надежда Островкина.  Осыған дейін екі қолға бір күрек іздеп сабылған аудан тұрғыны енді тұрақты жұмыспен қамтылған

НАДЕЖДА ОСТРОВКИНА, ЖҰМЫСШЫ:

Кәсіпорын ашылғалы осында еңбек етудемін. Басшылық өте жақсы кісілер. Жалақымызды уақытылы алып отырамыз. Таңертең өздері әкеліп, кешке үйлерімізге жеткізіп отырады. Менің жұмысым етті майынан ажыратып өңдеуге дайындау.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын беріп, өнім көлемін арттыру керектігін тапсырды. Өңір жетекшісінің айтуынша тағы 100 мың басқа шақталған шошқа кешені ашылса, ауданның экономикалық әлеуеті артып қана қоймай, сонымен қатар 600 жаңа жұмыс орыны пайда болады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жақсында ғана модернизациядан кейін шошқа кешені іске қосылды қуаттылығы 50 мың бас, бір айдан кейін дәл осындай фермады жаңа кешеннің құрылысын біз юайтайын деп отырмыз. Жылдың аяғына дейін  қуаттылығы 100 мың бас кешен іске қосылады. Ол еліміздегі ең бір ірі ферма болайын деп тұр. Ол жерде де 32 жұмыс орыны ашылады.

Кәсіпорынды аралап болған соң өңір жетекшісі жергілікті агроқұрылым басшыларымен жүздесіп, көктемгі дала жұмыстарының барысын көрді. Мысалы  «Степноишимская опытная станция» ЖШС быилғы егіс науқанын мамырдың 10 – ны бастаған. Бүгінге дейін диқандар алқаптарының 28 пайызына дән сіңіріп үлгеріпті.

ПАВЕЛ РАФАЛЬСКИЙ, «СТЕПНОИШИМСКАЯ ОПЫТНАЯ СТАНЦИЯ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Егіс науқанын күнбағыс себуен бастадық. Қазір зығыр мен бидай егудеміз. Ендігі мақсатымыз соя алқаптарын ұлғайту. Бүгнгі таңда 18 мың гектар жеріміз бар. Маусыға дейін егіс жұмыстарын толығымен аяқтаймыз.

Биыл фермер соя мен рапсқа басымдық беріп отыр. Өйткені сырттан сұраныс жоғары. Экспортты еселеу мақсатында аталмыш дақылдардың алқыбын да үйлкейткен. Облыс әкімі аграрийдің бұл ісін құптап техника мәселесі болашақта толығымен шешіледі деді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Бір аптадан кейін тиісті шешім қабылданады. Минестірлік өз келісімін беріп отыр. Германиялық компония осында «Класс» комбайындарын , трактарлар және егіс кешендерін құрастыра бастайды.

Еске сала кетсек өңіріміз бен германиялық кәсіпкерлер арасында ұзақ уақытқа созылған келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде  енді жылына 300 – 400 дей қажетті техника құрастырылатын болады. Оған қоса комбайындар мен тракторлардың бағасы әдеттігіден 50 пайызға арзан болмақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...