ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ

20:27, 7 маусым 2019

С.М. Киров атындағы зауыт көпқабатты баспа платаларын жасайтын қондырғылармен толықты. Еуропа елдері мен Шығыс Азияда жасалынған құрылғылар шамамен 1 млрд теңге қаражатқа сатып алынған. Атап өтетіні, мұндай машиналардың Қазақстан бойынша баламасы жоқ. Жаңа қондырғылардың қуаттылығы мен тиімділігін облыс әкімі Құмар Ақсақалов байқап қайтты.   

Көпқабатты баспа платаларын жасайтын қондырғылыр деп аталатын  мына машиналар Еуропа елдері мен Тайвань, Жапония, Кореяда  жасалған екен. Ал Рейсейлік «ostec»  компаниясы  зауыт қызметкерлерін оқытып, қондырғыны құрып берген. Жалпы қондырғы құны екі млрд теңге болса, әзірге, бұл қаражаттың тең жартысына ғана сатып алынған. 300-ге жуық қондырғының жұмыс барысын  зауыттың 17 қызметкері бақылайтын болады. Яғни, 17 жаңа қызмет орны пайда болды. Айта кетсек, бұған дейін зауытта қуаттылығы әлде қайта төмен, 2 қабатты плата жасайтын қондырғы ғана болған.

МӘДИ БЕКТЕНОВ, ЗАУЫТТЫҢ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл қондырғы арқылы біз, жаңа электронды бұйымдарды жасап шығаруға біздің мүмкіндігіміз ашылады. Сондықтан, қазіргі уақытта бар қондырғы арқылы біз тек қана екі жақты баспа платларын жасап шығара аламыз. Жаңа шығаралатын жаңа платалардың бағасы әрине жоғары болады, әрине сапасыда жоғары.  Қасиеттері де жоғары болады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов  жаңа сатып алынған қондырғылардың жұмысымен танысып, құрылғылардың қуаттылығы мен тиімділігін байқады.

НАТАЛЬЯ КОЖЕМЯКИНА, ЗАУЫТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ТЕХНОЛОГ-ИНЖЕНЕРІ:

- Мына баспа платаларын жасайтын қондырғылардың қуаты, әрі сапасы жоғары. Мәселен мына трафарет принтер дәнекерлеу пастасын біркелкі жағуға көмектеседі. Бұрын бұны қолмен жасайтынбыз. Әрине, соның салдарынан жарамсыз платалардың  саны біршама артық болатын.

Бұл қондырғылар өңірдің кешенді дамуның бастапқы кезеңі, деп атап өтті облыс әкімі. Елбасы Н.Назарбаев үш жылға құрған жоспарында аталғандай, зауыттарды модернизациалау қажет. Киров атындағы зауыттағы қондырғылардың жаңартылуына 2,2  млрд теңге, Петропавл ауыр машина жасау зауытына 4,5 млрд теңге қаражат бөлінген.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өндіріс ошағына алынған мына қондырғылардың заман талабына сай екенін көріп отырмыз. Машиналар жылына шамамен 2млрд теңгеге өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, бұл қондырғыларды сатып алуға 2 млрд теңге жұмсасақ, тек бір жылдың ішінде бұл өзін өзі ақтайды. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары пайда болды. 

Өткен жылы кәсіпорын 3,5 млрд теңгенің өнімін шығарсы, биыл бұл межені 6 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

АМАНГЕЛДІ АРҒЫМБАЕВ, С.М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

- Бірінші транш желтоқсан айында 1 млрд 97 млн теңгеге толығымен сатып алынған. Кеше, 6 маусым күні 548 млн екінші траншты тосып алдық. Енді, міне қалған машиналарды,  қондырғыларды тасымалдаушылар шілде мен тамыз айларында жеткізуіге дайын екендігін айтып отыр.

Сонымен қатар, 2 айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген  «Зиксто» АҚ машина жасау зауытының қызметкерлері  облыс әкімінің назарынан тыс қалмады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Зиксто зауытының мәселесіне тоқталып кетсем, бүгінгі таңда барлық қызметкерлерге толығымен жалақылары төленді. Кеше кәсіпорынның жаңа бас директоры тағайындалды. Бүгін өндіріс ошағының бөлім басшыларымен кездесіп, зауыттың дамуы жайлы жоспарларыд анықтадық. Шілде айында зауыт толығымен өз жұмысын бастау қажет. Бүгінде кәсіпорынның  тапсырыстары бар.

Киров атындағы зауытқа оралатын болсақ, жаңа қондырғылардың Қазақстан бойынша баламасы жоқ екенін айта кеткен жөн. Зауыт басшысының айтуынша, Қазақстан толғымен Қытай еліне тапсырыс жасайды екен. Петропавлдық кәсіпорында көпқабатты баспа платаларын жасайтын қондырғы 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...