ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМДЕР ДӘМДІ ӘРІ ПАЙДАЛЫ

20:53, 2 қараша 2018

Солтүстікқазақстандықтардың пікірінше жергілікті өнімдер пайдалы, әрі дәмдірек. Бұл ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтау мақсатында арнамыздың түсірілім тобы Тайынша қаласындағы сүт өнімдерін өндіретін шағын-зауыттың жұмысымен танысты. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Тайыншадағы бұл кәсіпорын 2009 жылы құрылған. Табиғи май және 5% сүзбе, сонымен қатар,  майлылығы 40% тұзды ірімшік - сулугуни шығарады. Сүт зауыты ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан  демеуқаржы алып, аяққа тұрды. Қазіргі таңда  мұнда бір литрі 95 теңгеден 5 тоннаға дейін жергілікті сүт қабылданады.

АНАСТАСИЯ ВАСИЛЕВСКАЯ, КӘСІПОРЫН МЕНЕДЖЕРІ:

- Күніне бір тонна май, 200 кг сүзбе өндіреміз. Сүзбе массасы мен десерттерді, брынза мен сулугуниді айына жарты тоннадан шығарамыз. Күніне 800 л сүтті тазартудан өткіземіз.

Кәсіпорын жақында испандық қондырғы сатып алды. Ол  күніне жарты тоннаға жуық сүт тазалап шығарады. Шағын зауытта 25 адам еңбек етеді. Олардың ішінде технолог Оксана Кнауб та бар. Шебердің айтуынша, сүт 4 күн, ал ірімшік 5 күн сақталғаннан соң көптеген тұтынушылар алғысы келмейді, бірақ бұл сапаның жоғарғы екенінің дәлелі.

ОКСАНА КНАУБ, ТЕХНОЛОГ:

- Ең бастысы, сүтті қабылдап, ыдысты қарап, талдау жүргізу керек, содан кейін ғана  сүтті өңдеу жұмыстарын бастаса болады. Біз қоспасыз өнімдерді өндіргендіктен, көптеген адамдар  оны түсінбей жатады.Қоспа қосылған өнімдер  ұзақ сақталады, бірақ пайдалы қасиеттері аз болады.

Зауыт өнімдері бүкіл Қазақстан бойынша сатылуда. 8 тонна май мен 20 тоннаға дейін спредттер елордаға, Ақмола және облыс аудандарына тасымалданады. Ресейге 2 айда бір рет 10 тонна майсыздандырылған ірімшік жіберіледі. Алдағы уақытта ірімшік желісін толыққанды жабдықтау жоспарланып отыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...