ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

"ASTANA MEDIA WEEK" ФОРУМЫ

20:37, 11 қыркүйек 2019

 

Биыл Қазақстанда түсірілген 43 телесериал көрермендерге жол тартады. Бұл туралы Астана медиа Уикке қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Киноөнімдерді түсіру көрсеткіші 2016 жылдан бері 3 есеге өскен. Медиа апталыққа 50ден астам продакшн компания, ақпарат саласында жүрген танымал тұлғалар шет елдерден келген қонақтар қатысып жатыр. 

Білікті мамандар ақпарат жинау және тарату, көрермендердің сұранысын қанағаттандыру, режиссерлік көзқарас секілді түрлі бағытта тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренингтер өткізді.

 ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Астана медиа уик диалог алаңындағы негізгі мақсаттардың бірі сіздер бір бірлеріңізді танып, біліп, пікір алысса деген ниет. Осылайше еліміздің медиа саласын әр тараптан емес ортақ мүдде аясында дамытқан деген тілек. Бұл ауқымды шараның көздеген тағы бір мақсаты ел тұрғындарының медия сауаттылығын арттыру.

Шет елдерден келген мамандар қазақстандағы телевизиялық нарықты зерттеп, медиа саласын дамыту үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныстарын да білдірді.

У ЦЗЯНЬ, КИНОПРОДЮСЕР:

- Мен кинофильмдер түсіремін. Бір картинамды бұған дейін Қазақстанда көрсеткен болатын. Сіздердің елмен тығыз байланыс орнатып, болашақта бірлескен жобаларды қолға алғым келеді.

Шараның алғашқы күні телесериалдар мен киноөнімдердің бүгіні мен ертеңіне, саладағы шешімін таппаған мәселелерге арналды. Әсіресе отандық өнімдерді шет елдерге сату, нарықты кеңейту жайы көтерілді. Әзірге өз өнімін шекара асырып жатқан ең ірі компания Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы.

ЛӘЗЗАТ ТАНЫСБАЙ, «QAZAQSTAN» РТРК АҚ ТӨРАҒАСЫ:

- За последние Соңғы 5 жылда біз 10 елге 38 сериалымызды саттық. 10 жыл бұрын сериал түсіру үшін 1 компанияны әрең көндірген едік. Ал қазір ше? Осы салада жүрген ірі компаниялар өте көп. Фильмдердің сапасы да жақсы. Қазір алғаш рет детектив жанрындағы сериал түсіруді де қолға алдық.

Астана медиа апталығы 3 күнге жалғасады. Жоспар бойынша ертеңнен бастап, медиа саласындағы өзекті тақырыптар, жобаларды қаржылай қолдау, салық салу сияқты мәселелер көтеріледі.

Тақырып бойынша материалдар

КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ  ОҢТАЙЛАНДЫРУ
17:54, 7 желтоқсан 2018
КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...