ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

Биыл 95 елді-мекенді су басуы мүмкін

15:37, 18 қаңтар 2017

Биыл облыстың 95 елді-мекенін су басу қаупі төніп тұр. Бүгінде түскен қар нормадан асып, 210 пайызды құрап отыр. Салдарынан осы жылы да қызыл судың мөлшері көп болады деп күтілуде. Бұл ақпарат журналистермен өткен брифингте айтылды.

Былтыр өңірдің 40-қа жуық елді-мекенін су басты. Салдарынан табиғи апаттық жағдайға 400-ге тарта үйдің тұрғыны қызыл судың зардабын шегуге мәжбүр болды. Биыл да жағдай қайталануы мүмкін. Тіпті, ушығып кетуі ғажап емес дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Қазірдің өзінде түскен  қар  нормадан асып, орта есеппен ол 210 пайызды құрап отыр. Бүгінде автомобиль және темір жолдар мамандардың жіті бақылауында.  50 шақырымнан асатын трассаны су шаю қаупі бар. Дегенмен, төтенше жағайды болдырмауға облыс бюджетінен қомақты қаржы қарастырылған.  

Апат айтып келмейді. Мамандардың болжамынша, қызыл судың алғашқы легі наурыз айында тіркелуі мүмкін. Бұл уақытта сынап бағанасы +8 градусқа дейін көтерілмек.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ  ОҢТАЙЛАНДЫРУ
17:54, 7 желтоқсан 2018
КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
20:48, 6 желтоқсан 2018
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...