ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

МАҚСАТ - БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ

21:34, 27 сәуір 2018

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында ІТ мамандарын дайындау бойынша 7-ші орынға ие болды. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде мәлім болды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар 100  жаңа оқулық жайында да баяндап берді.  

ІТ саласы мамандарының біліктілігін арттыру рейтінгісі мемлекеттік орган, бизнес өкілдерінің қатысумен құрылған болатын. Соңғы жылдары бұл салада көп жұмыс атқарылды. Университеттің кітапхана қоры жаңа электрондық және мультимедиялық кітаптармен толықты, агротехнологиялық факультет ашылды. Сонымен қатар, Литва университетімен бірлескен екі дипломдық жоба да жүзеге асырылуда.  

ИЛЬДАР ҚҰРМАШЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ  СҚМУ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

- Кәсіпорындарда ақпараттық технологияларды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан да Қазақстанның барлық оқу орындары ақпараттық жүйе мамандарын дайындауға көшті.

Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы  аясындағы кітаптардың тұсаукесеріне қатысты. Әлемдік үздік оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару идеясы да Ұлт көшбасшысына тиесілі. Әсіресе, философия, менеджмент, мәдениеттану сынды бағыттарға көп көңіл бөлінген.

МАЙРА ВАЛИЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

- Бізге қарапайым, инженер, дәрігер, экономистер керек емес, бізге тарихты білетін, дін тани алатын азаматтар қажет. біз өткенді білмей, болашаққа жоспар құра алмаймыз. Кеткен қателіктерден сабақ алу керекпіз.

Сонымен қатар, биыл магистранттар үшін жасанды интеллект зертханасын ашу жоспарда бар. Жалпы оқу орны ақпараттық қауіпсіздік саласына көп көңіл бөледі.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, Екатерина БЕЛОУСОВА

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, білім, ЖОО, 100 жаңа оқулық, брифинг

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...