ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

МАМЛЮТКА ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

20:35, 25 желтоқсан 2019

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіде аудан әкімдерінің есебі жалғасуда. Мамлют ауданының басшысы Руслан Аңбаев 11 айды қорытындылады.  

Руслан Анбаевтың есебінше, аудан аграрийлері жерге күтімді күшейткен. Минералдық тыңайтқыштар мөлшері артып келеді. Нәтижесінде кей шаруашылықтар гектарынан 50 центнер өнім алған.Жер емгендердің табысы молынан, сәйкесінше, машина-трактор паркін жаңартып жатқандар көп. Биылдың өзінде ауданда 201 техника алыныпты. Түгел шаруашлықыта алқаптың электрондық картасы бар.  Биыл шағын бизнесте 300-ден астам жұмыс орны құрылған.  «Бастау» жобасы аясында 136 адам курстан өтсе,  62 пайызы өз ісіне қайтарымсыз грант алған.

Мамлют ауданы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып келеді.  Сонация әдісі бойынша 55 шақырым су тарату желісіне орташа жөндеу жүргізіліпті. Оған 10 елді мекен қосылған. Қазіргі таңда ауыл халқының жол сапасына көңілі толмайды. Аудандағы жолдың 67 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.  Биыл небары 16 шақырымы жөндеу көрген. Әкім Руслан  Аңбаев келесі жылы Мамлютка жолдары жөнделеді деді.

РУСЛАН АҢБАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Мамлютка қаласындағы Ленин, Пролетарская, Викторенко көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ, 4 көршеге қиыршық тас төсейміз.  «Кривое» көлінің маңындағы айналма жолды қалпына келтірмекшіміз.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...