ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

21:24, 11 қазан 2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің жыл басынан бері жұмыс қорытындысы шығарылды.Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз мәслихатында Агенттіктің мамандары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру шаралары мен Жолдауда айтылған жаңа міндеттер аясында қолданылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру мен ынталандыру мақсатында еңбекақы жаңа жүйе бойынша төленетін болды. Мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру мақсатында Агенттік жыл басынан  республикалық және аймақтық деңгейде тексерістер жүргізіп, біраз олқылықтарды анықтады.  

АРМАН БЕРДАЛИН, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 8 айдың қорытындысы бойынша 511 тексеріс жүргізіп, 100 мыңнан астам заң бұзушылық анықтады. Бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғанын көріп отырмыз. 

Мониторингтік топ осы жолы да облыс орталығы мен аудандардағы мемлекеттік мекемелерді аралап, қызмет көрсету сапасын байқады.Айталық Есіл ауданында 2014 жылы тұрғызылған жаңа емхана ғимаратының хәлі мүшкіл екені анықталды.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Емхананың құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Небары 4 жыл өтке де төбеден су ағатыны көрініп тұр. Шатырдан ағатын жауын сулары іргетасын зақымдағаны байқалды. Оған қоса, мекемеде штат бойынша 175 адам істейді. Ал офтальмолог дәрігердің жалақысы небары 65 мың теңге. Мониторингтік топ мүшелері емхана басшысына  штатты оңтайландырып, жалақыны көтеруге ұсыныс білдірді.

Кейін мемлекеттік қызмет сапасын бақылаушы топ өкілдері №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінде болды. Жуырда мектеп ғимаратының бірінші қабатында e-gov үкімет порталы қосылған өзіне-өзі қызмет ету орны ұйымдастырылды.

Енді кез келген адам мектепке келіп мекенжай анықтамасын, сотталмағанын  растайтын құжатты рәсімдей алады. Аталған мектептің тағы бір ерекшелігі мұнда 9,10 және 11 сынып оқушыларында өз  бизнес кеңсесі бар.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық

Тақырып бойынша материалдар

КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ  ОҢТАЙЛАНДЫРУ
17:54, 7 желтоқсан 2018
КЕДЕНДІК ҮРДІСТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
20:48, 6 желтоқсан 2018
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар