ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

20:48, 6 желтоқсан 2018

Облыстағы төтенше жағдайлар департаменті «Жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өткізді. Сондай-ақ, құтқарушылар жиын барысында өрт шыққанда жасалатын әрекеттер мен алдағы аязды күндерге қалай дайындалу керектігін де ескертіп өтті.  

Биыл өңірімізде 652 өрт тіркелген, соның салдарынан 91 млн теңге шамасында материалдық шығын келген.  Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 19%-ға көп.  Осындай қайғылы жағдай салдарынан облысымызда 31 адам көз жұмды.  Сонымен қатар, былтыр жаңа жыл қарсаңында 7 өрт оқиғасы  тіркелгендіктен, мамандар  жауапкершілікті ұмытпай, алдын-ала сақтануды ескертеді.

ИГОРЬ БАЛЕЕВ, СҚО ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Желтоқсан айы біздің елімізде мерекелерге толы. Және ең бастысы жаңа жыл мерекесі  қарсаңында әр бір адам, өңір тұрғыны өз қауіпсіздіктері үшін сақ болулары қажет. От шашу алғанда оның жарамдылық мерзіміне аса назар аударып, сауда орындарында жүргенде де абай болуларын ескертеміз.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...