ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Өңірдің ветеринарлық жағдайы бақылауда

16:34, 28 ақпан 2017

Петропавлға Қорған облсынан 600 келіден астам заңсыз тартылған етті өткізбек болған азамат ұсталды. Мұндай ақпарат Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында айтылды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария және аумақтық инспекция басқрамасы өкілдері өңірдегі санитарлық-ветеринарлық жағдай жайлы тарқатып айтты.

«Абайлаңыз Сібір жарасы» - бүгінде өңірдегі мал қорымдарында осындай жазба ілінген. 161 малдың ауруы бұл қоршаған ортаға үлкен қауіп туғызады дейді мамандар. Алайда Сібір жарасы теріскейде соңғы рет 1995 жылы тіркеліпті. Брифингте 2016 жылы өткізілген ветеринарлық-санитарлық сараптама нәтижесі айтылды.

Петропавл қаласының аумағында орналасқан 8 базарда арнайы зертханалар бар.  Онда күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды, оның ішінде етті сараптамадан өткізеді. Жалпы СҚО-ның 5 ауданы РФ 3 облысымен шектеседі. Бұл аудандарда жұқпалы аурудың таралу қаупі басым. Өйткені 2016 жылы өңірден 12 бас ірі қара және 20 тонна құс еті Ресейге кері қайтарылыпт.

Сонымен қатар брифингте бос жүрген иттерді ұстау мәселесі де көтерілді.  2016 жылы облыс көлемінде бұл жұмыспен 15 бригада айналысқан. Жалпы өңірде ветеринарлық  жағдай тұрақты. Бірақ, 47 ветеринар дәрігер жетіспеушілігі байқалады.

Самат САПАРАЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...