ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Петропавлда универсиада алауы 26 қаңтарда жағылады

16:37, 13 қаңтар 2017

Қаңтар айының соңында Алматыда өтетін қысқы универсиада ойындарына біздің өңірден 8 спортшы қатыспақ. Олардың алтауы конькишілер болса, қалған екеуі шаңғышы мен керлинг ойынынан құрамаға енген жалғыз жерлесіміз. Ал универсиада алауы эстафеталық түрде Петропавлда 26-шы қаңтарда жағылмақ.

Орталық коммуникациялық қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстың универсиадаға дайындығы жайында айтылды. Белгілі болғандай, қазір құрамаға енген 8 спортшы сыртта жаттығуда. Олардың дайындықтарына аймақ қазынасынан 21млн 45 мың теңге бөлініпті. Жалпы 28-ші универсиада ойындары алматы қаласының 8 спорттық нысанында өтпек. Олардың екеуі арнайы осы жарыс үшін салынған екен. 28ші қаңтар мен 8 ақпан аралығында оңтүстік астанада 55 елдің 2 мыңнан астам спортшысы бақ таластырмақ. Ал, универсиада алауы бұл жолы ерекше үлгіде жағылмақ. Әр облыста жағылған алау, кейін  Алматыда тоғыспақ.

Өңір атынан республика намысын қорғауға аттанып отырған студенттердің арасында үміт арттырғандар жетерлік. Олар түрлі жарыстардан талай мәрте жеңіспен оралған жастар. Ал облыс атынан жалғыз шаңғышы болып отырған Ринат Мухин Ақмола облысының тумасы. Ол СҚМУ студенті атанғасын, аймақ атынан шығып отыр. Спорт ардагерлерінің сөзіне қарағанда, қысқы универсиада 2017 жарысы, қазақстандық спортты жаңа сатыға көтермек.Бұл үлкен жарыс, жастардың бақ сынар сәті дейді.

Спорт саласына тоқталар болсақ, қазір ел құрамасының сапында 356 жерлесіміз өнер көрсетіп жүр. 100ге жуық спортшы облыс әкімінің стипендиясын алады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...