ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

Солтүстікқазақтандықтардың 49 пайызы мемлекеттік тілді меңгерулері керек

11:06, 27 ақпан 2017

2018 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген солтүстікқазақстандықтардың үлесін 49 пайызға, ал үш тілде сөйлей алатын облыс тұрғындарының санын 10 пайызға дейін арттыру қажет. Бұл облыстық тілдерді дамыту басқармасы мамандарының қойып отырған талабы. Көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін облыстық бюджеттен 49 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, 140 тегін курс ашылған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары хабарлады.

Үш тілділікті дамыту туралы Елбасының биылғы Жолдауында да айтылған болатын. Саяси құжатта «қазақ тілінің басымдығы сақталады, ал ағылшын тілін үйрету кезең-кезеңмен іске асатын болады» делінген. Президент жүктеген міндеттерді орындау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары үш тілді меңгерген тұрғындардың санын жыл сайын бір пайызға жоғарылатуды көздейді.  Жиын барысында ономастикалық мәселелер туралы да сөз қозғалды.Осы күнге дейін Петропавлда бес көшенің атауы өзгертілген. Облыс бойынша атаулары ескірген немесе сәйкес емес ауылдық округ пен елді мекендердің атауларын алмастыру жұмыстары жалғасатын болады,- деді бөлім басшысы Ернияз Сұлтанов.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...