ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

Судьялар жыл бойы атқарған жұмыстары жайында журналистер алдында есеп берді

17:57, 5 желтоқсан 2016

Облыс судьялары жуырда Астана қаласында республика судьялардың VII кезектен тыс съезіне қатысқан болатын. Жыл қорытындысын шығаруға арналған шарада өңір судьялары өз жетістіктерін жайында есеп берді. Қазақстан орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалының баспасөз мәслихатында фемида қызметкерлері бұл мәліметтермен журналистермен де бөлісті.

Барлық өңірлердің фемида қызметкерлерінің басын қосқан судьялардың республикалық VII кезектен тыс съездіне 600 делегат жиналды. Біздің мамандардың еңбек нәтижесі жаман емес.Жыл басынан беру атқарған істері мен жұмыс нәтижесі жайында журналистерге облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов айтып берді.

Жаңа Кодекс 15 баптан тұрады. Онда судьялар корпусының этикалық нормалары, қызметте, отбасында және қоғамда өзін-өзі ұстау тәртібі көрсетілген. Соттық істер негізінен азаматтық және қылмыстық болып бөлінеді. Алғашқысы бойынша дауларды сотқа дейін шешу амалдары алдыңғы қатарға қойылады. Осылайша барлық түскен азаматтық істердің 15 пайызы бітімгершілік амалдары арқылы шешілді.

Қылмыстық істер саласында жаза беру ісі ізгілендірілді. Осылайша  облыста қылмыстық істері үшін  1285 адам сотталып, оның 312-сі темір тордың ар жағына отырғызылды. Бұл орташа, ауыр және аса ауыр жаза жасаған қылмыскерлер ғана. Қалған қылмыскерлер  жазаның жеңіл түрлеріне тартылды

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық істері үшін өңірдің 13 азаматы сотталып, оларға бюджетке 38 млн теңгенің айыппұлын төлеуі тиіс болды. Бүгінге дейін бұл жазалаудың біраз бөлігі орындалып, қылмыс жасағандар 36 млн теңге  төледі.

Әсель ОРАЗБАЕВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...