ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Тауарлардың нормативтік құжаттары қатаң бақылауда

17:53, 12 желтоқсан 2016

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Техникалық реттеу және қадағалау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті зергерлік бұйымдармен мен қапталған тауарлардың нормативтік құжаттарының іске асырылуын бақылау» тақырыбында брифинг өткізді.Айталық, 2016 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша 12 сауда кәсіпорны тексерілген. Оның барысында тауарлардың салмағы қаптамадағы мөлшермен сәйкес келмеген.

Тексеріс қорытындысы  бойынша  саудагерлерге өнімдерді сатуға тыйым салуға нұсқама беріліп 551,5 мың теңге әкімішілік айыппұл салынған. Сатып алынған 49 түрлі  өнімнің 18-де тауардың салмағы қаптамадағы мөлшермен сәйкес келмеген. Талаптарды орындамайтын жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш  , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 65 айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК және де ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне  200 АЕК  көлемінде әкімшілік айппұл салынады.

Сондай-ақ 2016 жылдың екінші жартысынан  бастап Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік бұйымдармен бағалы қымбат тастарды сынамалық  таңбасыз  сатуға тыйым салынған. Бұл талаптар орындалмаса өндірушілерге 50-ден 150-ге дейін  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Талаптарды орындамау фактілері жиі қайталанған жағдайда мамандар  бақылау органдарына  тауар өндірушілерге қатысты шара қолдану жөнінде тиісті хат жолдайтын болады.

 

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...