ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік

13:19, 2 ақпан 2017

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы саяси маңызды құжат - Жолдаудың аспектілерін түсіндіру мақсатында тақырыптық брифингтерді өткізе бастады. Осы жолы журналистердің сұрақтарына Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Гүлбақша Мұсабаева жауап берді.

Жоғары оқу орнының оқытушысы, Елбасының Жолдауындағы 5 басымдықтың әрқайсысына тоқталды. Биыл Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты маңызды құжатында бірқатар міндеттерді айқындап берді. Жолдау тарихына шолу жасайтын болсақ, Қазақстандағы алғашқы жаңғырту  үдерісі 90-шы жылдардың басында өткен болатын. Кейін 1997 жылы екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған мемлекеттер тізімінен шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Осы жолғы жаңғыру үрдісі жаңа технологиялар мен тың бағдарламаларды пайдаланып, 30 дамыған елдің қатарына кіру міндеті қойылып отыр.


 

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
20:35, 26 қараша 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 8 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар