ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

28 МАУСЫМ – БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

20:53, 26 маусым 2019

Мамлют аудандық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Халида Шагвалеева өмірін журналистика саласына арнаған жан. Оның қағаз бен қаламды серік еткеніне биыл 35 жыл. Бүгінде қос бірдей газеттің басшысы баспалардың таралымы көбейіп, әр оқырманның үйінен табылу үшін қажырлы еңбек етіп келеді.

Халида Шагвалеева бар өмірін журналистика саласына арнаған жан. Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын аяқтаған соң бірнеше газетте еңбек етті. 35 жыл бұрын қолына қалам ұстап, көптің көкейіндегі мәселені жариялап жүрген журналист соңғы 20 жыл «Знамя труда» газетінің бас редакторы болып еңбек етіп келеді.

ХАЛИДА ШАГВАЛЕЕВА, «ЗНАМЯ ТРУДА» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

- 1996 жылы Мамлют аудандық «Знамя труда» газетін шығара бастадық. Оңай болмаса да мойыған жоқпыз, газетті аяққа тұрғыздық. Оқырмандарымызбен қатынасымыз жақсы, олардың ұсыныс-тілектерін ескеруге тырысамыз. Алғашында газетіміз 4 бетпен, 2000 жылдары 8 бетпен, ал қазір 12 бетпен жарық көреді.

Аудандағы жалғыз қазақ басылымы «Солтүстік жұлдызы» газеті 2008 жылдың қазан айынан бастап шығып келеді.  Алғашында төрт бетпен, одан соң 8 бетке ауысқан мемлекеттік тілдегі газеттің осы уақытта өз оқырмандары бар.

ЖАНАР СӘРСЕНБИНА, «СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗЫ» ГАЗЕТІНІҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:

- Газетімізді қызықтыратыны, біздің байқайтынымыз ауданымыздың ауылдарынан хаттар келіп жатады. Біз олардың жауаптарын газетке жариялап тұрамыз. Жалпы біздің аудандық газетіміздің тиражы мың. Осы айдың 24-іне жазылу аяқталды. Бүгінгі таңда көрсеткішіміз жақсы деп айта аламын.

«Солтүстік жұлдызы» және «Знамя труда» айына 4 рет жарық көретін апталық газеттер.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...