ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

28 МАУСЫМ – БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

15:43, 28 маусым 2019

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 28-ші маусым БАҚ қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы жаңалық жаршыларын салтанатты түрде  мерекелерімен құттықтады. Шарада халықтың тіршілігін, әлеуметтік мәселелерді, руханият пен қоғам тынысынан хабар тарататын бір топ қалам иелері марапатқа ие болды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің атқарып жатқан істеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Өйткені, қоғамдық дұрыс пікірді қалыптастыру өте қиын. Сіздер, жазған ақпарат арқылы, баспа немесе телевидениенің рейтінгісін ұстау қажетсіздер, сонымен қатар, бұл ақпаратпен ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысасыздар. Бұл үлкен шеберлікті қажет етеді. «Жылататын да, жұбататын да «сөз» дегендей, сіздер осы теңгерімді ұстап отырсыздар.

Бұл күні ҚР президентінен «Еліміздің БАҚ саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Qyzyljar» телеарнасының директоры Ерлан Тоқшылық марапатталды.

ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Құрметті Құмар Іргебайұлы құрметтті әріптестер, міне бүгін еңбектің бағаланып жатқаны қандай қуанышты, осындай президенттің марапатын облыс әкімінен алу мен үшін үлкен мәртебе. Сол үшінде баршаңызды келе жатқан мерекелерңізбен құттықтаймын. Құмар іргебайұлы алдағы уақытта да облысымыздағы сіздің бастамаңызбен атқарып жатқан игі істердің барлығы БАҚ .... табады деп сенемін. 

Ғасырлық тарихы бар «Солтүстік Қазақстан» газеті үнемі оқырмандарымен бірге.  Өткір, жедел ақпарат, қоғамның тыныс тіршілігінен сыр шертер материалдар арқылы газеттің абыройы жылдан жылға артып келеді. Бүгін де газет директорының орынбасары Роза Шәкенова мемлекет басшысының алғыс хатына ие болды

РОЗА ШӘКЕНОВА, «SOLTUSTIK QAZAQSTAN» ГАЗЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін міне ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алхыс хатын облыс әкімі Құмар Іргебайұлының қолынан алып отырмын. Бұл деген мен үшін үлкен мәртебе, менің 20 жылдық еңбегімнің бағаланған жемісі деп санаймын. Сол үшін өте ризамын және әрі қарай да облыстың тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдени-рухани жаңалықтарын барлығын газет беттерінен және солтүстік қазақастан сайтынан жарқыратып шағарып, еңбектін бәрін көрсете беруге, жұмыс істеуге әзірмін.

Журналистер үнемі ізденісте жүреді. Халықтың тыныс-тіршілігін, әлеуметтік, қоғамның саяси жаңалықтарын жұртқа дер кезінде жеткізіп, халық пен биліктің арасындағы көпір іспеттес. Облыс басшысы Құмар Іргебайұлы, алғыс хат, құрмет грамоталары мен сыйақы табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында, Қызылжар телеарнасының қызметкрелері де бар. Кадр сыртында қалып, көрерменге болған оқиғаны боямасыз жеткізетіндердің бірі – телеоператорлар. Солардың бірі Самат Есинғалиев облыс әкімінің марапатына ие болды. Сонымен қатар, теларна тілшісі, «Қуатты Қазақстан» бағдарламасының жүргізушісі Әсел Оразбаева да назарсыз қалмады. 10 жылға жуық еңбек өтілі бар, Әсел Еламанқызы 2014 жылы Қызылжар телеарнасына  тілші болып жұмысқа орналасқан. Бүгінде солтүстікқазақстандықтарды өңіріміздің өнеркәсіп саласының жаңалықтарынан күнделікті хабардар етеді.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ:

- Қызылжар ұжымы күн сайын ақпараттандыру саласында аянбай еңбек етеді. Барлық ұжымымды мерекемен құттықтаймын. Өзім «Қуатты Қазақстан» деген бағдарламасының жүргізушісімін, бұл бағдарлама өңір тұрғындарын кәсіп саласындағы жаңалықтармен, ммемлекеттік бағдарламамен таныстырады және де жас кәсіпкерлерді, бұл бағытқа қалай тұру керек. Осы туралы толық айтып тұрамыз. Арықарайда бұл бағдарламаны көрермендерімізге ұсынатын боламыз. Бұл марапат бізге үлкен жауапкершілік артып отыр.

Атап кеткен жөн, үкіметтің қаулысымен биылдан бастап 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді. Бұған дейін журналистер күні маусым айының соңғы жексінбесінде аталып  өтетін.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...