ШҰҒЫЛ! ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Толығырақ

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

17:51, 6 мамыр 2019

7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында «QYZYLJAR» телеарнасының түсіру тобы 6637 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп, күнделікті оқу-жаттығуларының куәсі болды. Еліміздің әр өңірінен келген жігіттер, қазіргі сарбаздар жылдам іс-әрекеттерімен ел тыныштығын қорғауға қашан да дайын екендіктерін көрсетті.

6637 әскери бөлімі сарбаздарының дайындығын шыңдау үшін апта сайын демалыс күндері эстафета жаттығуларын өткізеді. Онда әрқайсысы жақсы білуі тиіс қимылдар, яғни төсек-орнын тәртіпке келтіру, автоматты шашып, қайта жинау, газтұтқышпен жүгіру, жараланған жауынгерді қауіпсіз жерге жеткізу және артпен жүгіру жаттығулары пысықталады. Мұндайда сарбаздар арасында бәсекелестік туындайды және де жылдам әрекет етуге ұмтылады.

БАТЫРЖАН ТҰРҒЫНБАЙ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ САРБАЗЫ:

- Эстафетада өте қызықты сәттіре болды, өздеріңіз көргендей, апта сайын осылай демалыс күндері осылай жарысып отырамыз. Жедел мақсаттағы батальонның мақсаттары өте көп, біз оны әрдайым орындауға тырысамыз. Әке-шешеме, аға-бауырларыма, туған-туыстарыма сәлем жолдағым келіп тұр. Менде бәрі жақсы.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізілген шарада арқан тартыс та қыза түсті. Ең алдымен бірінші және үшінші рота жауынгерлері белдесіп, одан соң екінші ротаның сарбаздары күш атасы қолдарында екендігін дәлелдеді.

ДУЛАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ары қарай өткізетініміз жеке құрамға ҚР 2018 жылғы 7 мамырдағы парадты көрсетеміз және Ресейдегі өткен парадты көрсететін боламыз. Содан соң жеке құрамға демалыс беріп, ертеңгі қызметке дайындаймыз.

Шараға желілі мақсаттағы үш ротаның 130 сарбазы қатысты. Олар мұндай жаттығулардан бөлек, спорттың басқа да түрлерінен дайындықтарын шыңдай береді. Бос уақытында әскери казармадағы патриоттық тәрбие сағаттары өтеді, ән тыңдап, көркем фильмдер көруге де мүмкіндіктері бар.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...