ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

78 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПТЫ

20:43, 6 қыркүйек 2019

Петропавлда өрт бір адмның өмірін жалмады. 6 қыркүйек күні түнгі 3-тен 27 мин кеткенде «СҚО ТЖД өрт сөндіру - апаттық құтқару» бөліміне Союзная көшесіндегі 31 үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түседі.

Оқиға орынына №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің арнайы жасағы жетті. Мамандардың оқиға орнына жеткен кезде үй түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен шатыры лапылдап жанып жатыр екен. Тілсіз жау тек бір сағаттан кейін ғана толығымен ауыздықталды. Құтқарушылар үй ішінен 1941 жылы туған әйелдің жансыз денесін тапты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен материалдық шығын көлемі анықталуда.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ:

- Өрт сөндірушщілер оқиға орынына 3 минутта жетті. Қызыл жалын үйдің шатырын толғымен шарпыған. Үйдің кіреберісі мен жанындағы монша жанып кетті. Куәгерлер үй ішінде егде жастағы әйелдің қалғанын айтты. Өртті сөндіру барысында 78 жастағы азаматшаның жансыз денесі табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 50 мин жұмсалды.

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар