ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

83 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

20:48, 24 қазан 2019

Петропавлда құтқарушылар құдыққа құлап кеткен 83 жастағы  әйелді құтқарды. Оқыс оқиға Изумруд саяжайында болған.

Петропавл қаласының 83 жастағы тұрғыны шетеннің жемісін алмақ болып, абайсызда артқа құлап кеткен. Ол жерде үсті қаңылтырмен жабылған құдық бар екен. Жұқа темір құлаған әйелді көтермеген. Зейнеткердің қасындағы құрбылары дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрапты. Оқиға орнына жеткен мамандар әжейді диаметрі шамамен 1 метрге жуық, тереңдігі 3 метр болатын құдықтан аман алып шықты. Оған бірден  алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

ТАМАРА КАУЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көрші үй мен шарбақтың арасында құдық барын білетінмін. Десе де жеміс жинаймын деп, сол құдыққа құлап кеттім. Беліме дейін суық суға баттым. Қатты тоңдым.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

- Сағат 15:04 минут кеткенде ересек адамның құдыққа құлап кеткені жайлы қоңырау келіп түсті. 10 – 15 минут көлемінде оқиға орнына келіп, зардап шегушіні құдықтан тартып алып шықтық.

83 жастағы әйелді жедел жәрдем мамандары №3 қалалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарияға гипотермия диагнозын қойып отыр, яғни қатты тоңған. Бірақ өміріне келер қауіп жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
20:38, 9 желтоқсан 2019
БІР АПТА ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 26 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...