ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚАСҚЫР БАР

18:13, 15 сәуір 2019

Поляр қасқырлары, хаски иттері, гепард, пума. Осы және басқа да жабайы хайуанаттар мен сан-түрлі құстарды сіз Ресейдің Үлкен Циркінде тамашалай аласыз. Қызылжарға жаңа бағдарламамен келген Шапито-Гранд циркі облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ғажайыпқа толы балалық шаққа саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Көшеде ұлыған қасқырдың үнін естісеңіздер, қорықпаңыздар. Бұл бар болғаны Ресейлік Үлкен Цирктің әртістері қаламызда өздерінің жаңа бағдарламасымен жүр деген сөз. АРА попугаилары мен пеликандарды басқарған бойжеткен, түрлі заттарды әуеде айналдырып, жерге түсірмейтін жонглерлер, көркем акробаттар, гироскутердегі аюлар, 2 метрлі Мега Робот Титан, қасқырлар мен гепард. Аталмыш ұжым біздің қаламызға бірінші рет келіп отыр. Түрлі қызықты әрі көңілді нөмірлерін әзірлеп келген әртістердің барлығы да өз ісінің шебері. Алайда, өмірде ең қиыны ол адамға қуаныш сыйлау, біреудің жүзіне күлкі ұялату болып табылады. Ал, өмір бойы цирктің  аренасында жүріп, осы істің қыр-сырын үйреніп алған Константин Устьянцев өзінің өнерімен, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бақыт сыйлай алады.

КОНСТАНТИН УСТЬЯНЦЕВ, ҮЛКЕН РЕСЕЙЛІК ШАПИТО-ГРАНД ЦИРКІНІҢ ӘРТІСІ:

- Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Мұнда бізге қатты ұнады. Жаңа бағдарламамызды ұзақ уақыт дайындадық. Қызылжардың өнер сүйер қауымына қызықты әрі көңілді нөмірлерімізбен қатар түрлі хайуанат достарымызды да ертіп алып келдік.Біз Ресей жақтан келе жатқандықтан ең бірінші барған қаламыз ол Қостанай болды. Ол жақта та көрермендер ерекше ықыласпен қарсы алды.Цирк мен үшін өмір. Себебі, осы салада жас кезімнен жүрмін. Менің клоун ретінде басты мақсатым көрермендерге бақыт сыйлау.

Ал, кештің ең басты ерекше нөмірі ол табиғаты әрі мінезі әртүрлі, бірнеше жабайы аңдардың бір торда өнер көрсетуі болды. Қасқырлармен, ягуармен және хаски иттермен ортақ тіл тауып жүрген мына көрікті келіншектің есімі Евгения Верлатая. Джина деген лақап атпен халық арасында танымал болған Евгения бала кезінен циркте, күмбездің астында өскен. Себебі, өзінің де ата-анасы цирктің әртістері. Манежде өнер көрсететін барлық хайуанаттар Ресейдің түрлі жануарлар бағынан әкелінген.

ЕВГЕНИЯ ВЕРЛАТАЯҮЛКЕН РЕСЕЙЛІК ШАПИТО-ГРАНД ЦИРКІНІҢ ӘРТІСІ:

- Қасқырлар үйірінен құрылған әлемдегі бірден-бір жалғыз аттракцион осыдан 6 жыл бұрын пайда болды. Қасқырлармен қатар мұнда ягуар, пума және хаски иттері де бар.Осы жабайы аңдардың басын қосып, ерекше нөмір көрсету үшін мен 2-3 жылдай жұмыс істедім. Қасқыр өте қайсар мінезді, біреуге бас имейтін және айтқанды істемейтін жануар болғандықтан олармен жұмыс істеу өте қиын. Алайда, соған қарамастан біз ортақ тіл тауып, бір-бірімізді түсіне аламыз.

Осы күні түрлі жануарларды тамашалап, уақытымды көңілді өткіземін деген циркке келушілердің қарасы қалың болды.

– Цирктерде бұған дейін де болғанмын. Маған тотықұстардың өнер көрсеткені қатты ұнады. Сонымен қатар гепард шыққанда кішкене қорқып қалдым, бірақ ол өте сүйкімді жануар екен.

– Акробаттардың өнері және шеңберді айналдырып, түрлі трюктер жасаған әйел қатты ұнады.

– Біз циркке отбасымызбен келдік. Бәрі өте тамаша, жаунарлар өте ақылды. Көңіл-күйіміз де ерекше.

Үлкен Ресейлік ШАПИТО-ГРАНД Циркі Петропавлда сәуірдің 21-не дейін өнер көрсетпек. Сол себепті, түрлі жабайы жануарлар мен әртістердің өнерін тамашалаймын деушілер Сити Молл және Рахмет сауда орталыктарында орналасқан кассалардан билет сатып ала алады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...