ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АҒАЙЫН МЕН ТУЫС БАЙЛАНЫСЫН БЕКІТЕ ТҮСЕТІН ДӘСТҮР

14:30, 14 наурыз 2019

Амал мейрамы немесе Көрісу күні атадан мұра болып қалған, өте ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл күні әсіресе Қазақстанның батысындағы ел-жұрт бір-бірімен көрісіп, жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Сондықтан көрісу айту - ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін мереке. Атадан қалған бұл өнегені бүгін облыстық ардагерлер кеңесі жастарға көрнекі түрде көрсетті.

Бүгін Жақсылық атаның үйінде көрісу айты аталып өтілуде.Қара шаңырақта үрім бұтағының басы қосылып мәре-сәре болып жатыр.  Алты ай қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен төс қағыстырып,  амандық сұрасты.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЫСҚАҚОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Бұл күні ауылдастары да Жақсылық атаның жасын сыйлап, таңертең ерте үйіне сәлем беруге келді. Дастархан басында басы құралған ағайын-дос, көрші-көлем наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне амандық-саулық, құт-береке тіледі.

ЗӘУРЕШ ЖИЕНТАЕВА, ТАРИХШЫ, ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дастархан басында қариялар бата беріп, ұлттың амандығын, елдің тыныштығын тіледі.

Тарихшылар мен этнографтардың мәліметіне сүйенсек, Амал мерекесі Қазақстанның Батыс өңірінде жақсы сақталған. Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, наурыздың соңына дейін жалғасады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
21:30, 17 мамыр 2019
СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...