ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АҒАЙЫН ТАТУ БОЛСА – АС КӨП

21:36, 14 наурыз 2019

Көрісу күнін Петропавлдағы достық үйінде де сән салтанатымен атап өтті. Өңірді мекендеген ондаған ұлтттың өкілдері  бауырсағы мен наурыз көжесі қойылған үлкен дастарханның басына жиналып, амандық сұрасты. Қыстан аман шыққан ағайын ән мен күйден шашу шашып мәз мейрам болысты.

Қонақтар дәл осылай мерекемен құттықтап, өздерімен дәм сыйларын да ала келіпті. Көрісу күнін қазақ халқы амал мейрамы деп те атайды. Бұл күні көрші қолаң  бір-бірімен көріседі. Бұл бір жағынан сыйластықты білдірсе, екіншіден - мейірім мен жақындықтың нышаны.

ЛИДИЯ ХАМРАЧЕВА, «УКРАИН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз өте бір керемет мерекні тойлаудамыз. Бұл біздің ортақ мейрам. Қазақ халқына алғысымыз шексіз. Қаншама жыл осында тату – тәтті өмір сүріп келеміз. Ұлтымыз басқа болғанымен, отанымыз бір. Сондықтан жыл сайын кез келген мекрекені бірге атып өтеміз. Барлық жерлестерімізді осы бір айтуыл күнмен шын жүректен құттықтаймын.

Дастарханның басына мерекеге жиналған халайық алуан түрлі астан дәм татысты. Басы қосылған ағайын бір бірімен әігіме дүкен құрып, ән мен күйден шашу шашты.

Өткенге үңілсек бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Бағзы заманнан ата – бабаларымыз тойлап келген мейрам, ұмыт болмай бізге жетті. Сондықтанда оның маңызы орасан дейді жасы үлкен ағаларымыз.

ЖАНКЕЛДІ ТӘЖИН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қытымыр қыстан кейін осындай біздің Сарыарқаның сары аязынан кейін, адамдардың амандық саулығын білу, осы күні қауышу, амандық біліп көрші көлеңге, үлкен ағайынға кіріп шығу енді бұл дәстүрді жалғастырсақ артық болмайды. Кем болмайды, бұл халықымыздың дәстүрін келесі ұрпаққа да жеткізу керекпіз.

Бүгінде өңірімізде 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп келеді. Барлық мерекелерде олар бас қосып бір үйдің баласындай атап өтеді. Бүгінгі қауышу меркесін тойлаған түрлі этнос өкілдері енді ұлыстың ұлы күні – наурызға дайындалу үстінде.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
21:30, 17 мамыр 2019
СҚО-НА ҚЫТАЙДЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНАН МЕЙМАНДАР КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...