ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

АҚШ-ТЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ ОБЛЫСТА ЖҮР

18:04, 15 сәуір 2019

АҚШ-тан келген еріктілер Тимирязев ауданында болып, жастармен кездесті. Шетелдіктер қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Ал аудан тұрғындары мұхит асып келген қонақтардан олардың өмір салты туралы сұрап, тұрмыс-тіршілігі жайлы мол мағлұмат алды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Мұхит асып келген  қонақтарды Тимирязев ауданының жұрты жылы қарсалды. Ең алдымен оларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылы таныстырылды. Аудан жастары домбырада түрлі күй орындап, шетелдіктерге жақсы көңіл күй сыйлады. 

Кездесуге келген қос тарап Қазақстан мен АҚШ жайлы көптеген жаңа әрі қызықты мағлұмат алды. Сонымен қатар, шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнады.

АҚЫЛБЕК МУСИН, ТИМИРЯЗЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мұндай кездесу аудан әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен алғаш рет ұйымдастырылды.

ЛАШЫН КӘКІМ, АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

АҚШ еріктілері қазақ халқының ұлттық тағамдарымен де таныса алды. Американдық жастар қысқа уақыттың ішінде бауырсақ, дастарқан, рахмет сөздерін жаттап алған. Томсон Фатиға Солтүстік Қазақстанның тұмса табиғаты мен көрікті жерлері ұнады. Сондай-ақ ол жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығана қатты таңқалды.

ТОМСОН ФАТИ, ЕРІКТІ, АҚШ АЗАМАТЫ:

- Кең далада жайылып жүрген жылқыларды көрдім, керемет көрініс.Және табиғаттың сұлулығы маған қатты ұнады. Сонымен қатар, Қазақстан Америкадан өте ерекшеленеді. Мұндағы адамдар, әсіресе жастар қызықты екен. Бұл сапарды ешқашан ұмытпаймын.

Содан кейін жергілікті тұрғындар мен қонақтар екі елдің спорттық ойындарын ойнады. Біздің жігіттер Америка футболының ережелерімен танысса, шетелдік қонақтар арқан тартысты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
17:55, 25 сәуір 2019
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР БІР ОТБАСЫН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...