ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

«АКВАРЕЛЬМЕН ОҢАША» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

21:09, 14 мамыр 2019

Солтүстікқазақстан мен Қорған облыстарының өңіраралық мәдени  ынтымақтастығын нығайту мақсатында Петропавлда «акварельмен оңаша» атты сурет көрмесі ашылды.Санкт-Петербор акварелистер қоғамының мүшесі, атақты суретші Ольга Луцко тұрғындар назарына өзінің 30 туындысын ұсынып, шеберлік сағатын да өткізді. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Қазақстан мен  Ресей арасындағы  өңіраралық және шекарааралық ынтымақтастығы негізінде Петропавлда бір қатар мәдени іс-шаралар өткізілуде. Бүгінгі күні СҚО ассамблеясының ұйымдастыруымен  көрші мемлекеттің тек атақты суретшілері ғана емес, жазушылар одағының мүшелері де келіп, өңір тұрғындарымен кездесуде.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, СҚО ҚАЗАҚСТАН АССАМБЛЕЯСЫ МҮШЕСІ:

- Бұл шараның мақсаты жақын шекералас мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайту. Сол себепті бүгін Қорған облысынан тек суретшілер емес, жазушылар да келді. +01:09. Бұл жұмыстарды кез-келген өңір тұрғынадыр келіп тамашалай алады. 1 ай бойы өнер мұражайында тұрады. Біздің де жергілікті суретшілер жыл бой істеген еңбектерін оларға 1 айға жібереді. 

Облыстық бейнелеу өнері музейінде ашылған «акварельмен оңаша»атты сурет көрмесінің авторы Санкт-Петербор акварелистер қоғамының мүшесі,  атақты суретші Ольга Луцко.10 жасынан  бастап акварельмен сурет  салумен айналысады  екен.Қазіргі таңда  туындылары шет ел мемлекеттерінің де суреттер  топтамасынан орын алған. Көрмеге келген тұрғындарға шеберлік сағатын көрсетіп, өзінің сурет салудағы құпияларымен бөлісті

ОЛЬГА ЛУЦКО, САНКТ-ПЕТЕРБОР АКВАРЕЛИСТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ,  СУРЕТШІ:

- Петропавлға мен  соңғы рет кішкентай кезімде келгенмін. Бүгін міне көромеге келушілерге шеберлік сағатын көрсеттім. Италияның орта ғасырдағы үйлерін, көшелерін акварельмен  бейнеледім. Жалпы акварельмен сурет салу менің жаныма жақын іс. Сырттай оңай көрінгенімен оны бар жан дүниеңмен қабылдап, түсінбесең сенің туындың сәтті шықпайды.

Ольга Луцко акварельмен пейзаждарды, натюрморттарды, түрлі композицияларды салады.  Бүгінде ол Қорған облыстық көркемсурет музейінде директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді. Оның ең үздік деген 30 суреттер топтамасы тұрғындар назарына 1 ай көлемінде ұсынылатын болады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...