ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

20:44, 11 шілде 2018

Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде электрқалқаннан  өрт шықты. Оған суағардың бітелуі себеп болған. Жамбыл көшесінде орналасқан үйдің шатырынан су кетіп, жоғарғы қабаттағы пәтерлердің төбесінен аққан. Осының кесірінен электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт басталған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен мамандар тілсіз жауды бірден ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.     

Жамбыл көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдегі апат таңертеңгі сағат 7 шамасында басталған. Үй иесі Юлия Долганованың айтуынша, нөсер жаңбырда төбеден су аққан.

ЮЛИЯ ДОЛГАНОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ:

Таңертең қатты күн күркірегеннен оянып, ас үйге барып едім, су бастым. Түсінбедім. Бір сәтте төбеден су тамшылай тұрғанын көрдім.  Бөлме суға тола бастады. Электрқалқан отқа оранды.   

Зардап шегуші электрқалқанды өшірсе де, от жан-жаққа тарала берген.

НҰРЛЫБЕК ҚАСЫМОВ, ӨСКҚ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  2018 жылдың 10шілдесі күні сағат 7, 101 пультіне хабар келіп түсті. Жабаева 123 көшесінде 7 қабатта электрощит жанып жатыр деген. 07:52 сағатта 3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы өрт орнына шығып, 07:57- де біздікілер келіп жетті. Тез арада бір оқпан беріп, өрттің көзін жойдық

Оқиға орнына 9 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника келген. Қазір мәселенің мән-жайын мамандар зерттеп жатыр. Юлияның сынды басқа да тұрғындардың мүлкін кім қайта орнына келтідері? Пәтердегі тартпа төбе суға толып, еден ісініп, қабырғадан түсқағаздар қопарылып түскен. Үй қожайындары мұндай апатттың туындауына пәтер иелерінің кооперативі төрағасының өз жұмысына немқұрайлы қарауы себеп екендігін айтты.  

НАТАЛЬЯ ШАКИРОВА, ПИК ТӨРАҒАСЫ:

Көп қабатты үйлердің төбелері келелі мәселелердің бірі. Оларды әрдайым құлыптасақ та, ашылып қалады. Біз барлығын бақылай ала алмаймыз ғой, үйдің тұрғындары бізге көмектесіп отырса жақсы болар еді.

Өрттің шығу себебі мен бұл мәселенің шешімін табу мақсатында көп қабатты үйдің тұрғындары заңгердің көмегіне жүгінбек.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...