ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

А.ШПЕКБАЕВ ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНДА БОЛДЫ

17:50, 30 мамыр 2019

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекпаев жұмыс сапарының екінші күнінде Шал Ақын ауданына барды. Шал ақындағы «Ашық әкімдік» жобасының таныстырылымына қатысып,аудандағы жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралармен танысты.

Делагация өкілдері ең алдымен  Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебіне барды. Мұнда өткен жылы ақшаны оңды-солды шашпау мақсатында өсімдік қалдықтарын отын ретінде пайдаланатын жылу қазандығы орнатылыпты. Ол бір жылыту маусымында 600 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Дәл осындай қазындықтар аудан бойынша 9 білім ошағында қойылған екен. 

НҰРЛАН ЕСІМОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бір жылдың ішінде 9 мектепті қостық. Ауданның әкімшілік ғимаратын қостық. Аудандағы бір балабақшаны қостық. Соның арқасында 22 млн, 50 пайыз бізде экономия. Енді қалған мектептерде ескірген қазандықтардың бәрін осындай қазындықтарға ауыстыруға жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, биыл аталмыш мектепте «Сенім» адалдық дүкені ашылған. Кездесу барысында Алик Шпекбаев адалдық дүкенінде сауда жасады.

Алик Шпекбаев аудан дамуына айрықша үлес қосып отырған мектеп ұжымына сәттілік тілеп, істеп жатқан іс-әрекеттеріне оң бағасын берді. Кейін делегация өкілдері шал ақынаудандық орталық ауруханасына ат басын бұрды. Емдеу мекемесі біртіндеп цифрлық жүйеге көшіп келеді. Мәселен,электрондық кезек сонымен қатар, дәрігерге онлайн-жазылу мақсатында «Skomed» мобильді қосымшасы енгізілген. Сондай ақ, мұнда «Call-орталық» арқылы аудан тұрғындарынан келген шағымдар мен қоңыраулардың есебі жүргізіледі.

АЙДАР МҰСТАФИН, АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бұл жұмыстардың арқасында шағымдар 85 %-ке азайған. Зертханада қызмет көрсету уақыты 6 минуттан 3 минутқа дейін қысқарды. Емделушілер бұрындары дәрігерге қаралу үшін 2 сағат күтетін. Енді ол 40 минутқа дейін қысқарды. «Skomed» мобильді қосымшасын 284 адам жүктеп,  154 адам қабылдауға жазылды. 25 адам дәрігерді үйге шақырды.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев азамттарды электрондық қабылдау мүмкіндігі бар мамандардың жұмыс бөлмелерімен танысты.

Сонымен қатар, Шал Ақын ауданында аудан тұрғындары үшін алғашқы «Ашық әкімдік» өз жұмысын бастады.  Жоба аясында әкімдіктіктің үшінші  қабатында орналасқан барлық қызмет көрсетушілер бірінші қабатқа ауысты. Бұл фронт-офис тұрғындар үшін ыңғайлы. Әр апта сайын залда аудан әкімі және  орынбасарлары азаматтарды қабылдайды. Сондай-ақ Сергеевка қаласының әкімі аппараты да осы ғимаратқа көшіріліп, үй-жайларды жалға алудан бюджеттің 600 мың теңге ақшасы үнемделмек.

НҰРЛАН ЕСІМОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Алик Жатқамбайұлы аудан әкімінің аппаратына осы жоба үшін өз алғасын білдірді. Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жемқорлықты төмендетеді.

АЛИК ШПЕКБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жалпы, Шал Ақын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жаман емес. Мәселен 3 жылдың ішінде ауданда 204 шақырым жол жөнделісе, биыл да бұл іс жалғасын таппақ. Ал шал ақын ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында көз қыстылық бармақ бастылық фактісі мүлдем орын алмапты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар