ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

АСТАНАҒА САЯХАТ

17:53, 6 желтоқсан 2018

Ғабит Мүсірепов ауданының үздік оқушылары Астана қаласына саяхат жасауға мүмкіндік алды. Спорт, өнер және оқуда озат болған 22 бала елордаданың ең көрікті жерлерін аралады. Оның ішінде Хазірет Сұлтан мешітін, Ұлттық музей, ЭКСПО көрме-кешінің аумағын және ҚР Тұңғыш Президентінің музейін, Астана-Бәйтерек және Хан шатыр сынды нысандар бар. Оқушылардың  сапардан алған әсері туралы әріптесім Майгүл Сейілбек тарқатады.

Ұлболсын Есенғали Ғабит Мүсірепов ауданының Қазақстанның 15 жылдық ауылында «Жаманшұбар» мектебінің 9-шы сыныбында оқиды. Оқушы 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Елін сүйген- Елбасы» атты 3 тілде өткен  шығармалар байқауында 3-ші орынды иеленген екен. Өзінің жұмысында Ұлболсын Елбасының салиқалы саясатын, жастар үшін жасап жатқан жағдайлар мен қазақ тіліне деген жаңашырлығын сөз еткен. Бұл сапар қыз балаға бұрынғысынан ерекше. Себебі жаңа достар тауып, бұған дейін бармаған  жаңа жерлерді аралауға мүмкіндік алды.

ҰЛБОЛСЫН ЕСЕНҒАЛИ, ОҚУШЫ:

- Астанаға келуім бірінші рет емес. Бірақта осы келуім өте ерекше. Өйткені мен осында көптеген қызықты нәрселермен таныстым.Онымен қоса біз Елбасының музейіне барған кезде сол мұражаймен таныса отырып өзіміздің арман-мақсаттарымызды егер біз ұмтылсақ барлығы орындалатынына көзімді жеткіздім десем болады. Астана маған өте қатты ұнайды.Ол жас қала болғанымен онда көп нәрселер дамыған және оның одан әрі өсетініне мен толықтай айта аламын.

Ғабит Мүсірепов ауданының 22 үздік оқушысы спортта бірқатар жетістіктерге жеткен, өнерден де құр алақан емес балалар. Мектеп ішілік, аудандық және облыстық байқаулардан қалмайтын белсенді оқушылар. Аудан әкімі Болат Жұмабековтың бастамасымен жүзеге асқан арман қала Астанаға жас өрендердің  саяхаты барысында олар ЭКСПО көрме-кешенінің аумағын, «Нұр-Әлем» павильон-мұражайының 8 қабатын аралады. Мұнда олар энергия туралы бірегей білім алып, оның пайда болуы және оны қолдану әдістерін біле алды.  «Ұлттық павильонның» бірнеше қабатын аралап шықты.

ГҮЛСАНАТ МҰСАИБОВА, НОВОИШИМ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Ғабит Мүсірепов ауданының оқушылары аудан әкімнің бастамасымен осындай қызықты саяхат жасауға мүмкіндік алды. Мұнда балалар түрлі музейлерді аралап Астананың, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сонымен қатар Қазақстанның тарихы жайлы мағлұмат біле алды. Елордамыздың көрікті жерлерін аралап, жаңа жақсы эмоциялар алды.

Әсіресе балақайларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейін аралау қызық болды. Себебі мұнда олар Елбасының балалық және жастық шағы, еңбек жолымен жақыңырақ таныса алды. Оқушылар естелік суретке түсіп, түрлі сұрақтарға жауап берді және кішігірім бейнефильмдер тамашалай алды.

- Мен Астанада бірінші рет емепспін. Маған бәрі өте қатты ұнады. Көптеген жағымды эмоция жинадым, жаңа достар таптым. Маған ғарыш туралы экскурсия қатты ұнады.

Мен Елордаға алғаш рет келіп тұрмын. Алған әсерім керемет. Қала өте әдемі. Біз түрлі мұражайларды және ЭКСПОНЫ араладық. Роботпен танысып, шоу тамашаладым, ғарышта болғандай әсер алдым.Өте қуаныштымын.

Оқушылар қаланы автобуспен аралап Астананың ең көрікті жерлерін тамашалады. Біз болсақ барлығының жүздерінен қуаныш пен таңданыс белгілерін байқай алдық.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
20:06, 16 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...