ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

17:16, 18 мамыр 2020

Қазақ журналистикасы қарымды қалам иесінен айырылып, қара жамылды. Табиғатынан таланатты Бейсен Құранбек бүгін 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастап, кейін «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет істеген. Әрі «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуын жүргізді. 2014 жылдан бері Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болған талант иесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ның МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 570 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ ТӨЛЕНДІ
20:40, 24 шілде 2020
СҚО-ның МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 570 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ ТӨЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...