ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ

17:55, 6 маусым 2019

29 мамыр - Уалиханов ауданы Бидайық ауылында оқыс оқиға болды. Апатты жағдайда тұрған көпірден анамен баласы суға құлап кеткен. Абырой болғанда, оларды жақын жерде жүрген шекарашы Сергей Гайдай көріп, құтқарып үлгерді. Бүгін екі адамның өмірін ажалдан арашалаған жігіт марапатталды. 

Оқиға 29 мамыр күні кешкі уақытта болған. Уалиханов ауданы Бидайық ауылының тұрғындары  5 жасар Нұрәділ Жетпісов пен оның анасы Махаббат өзеннің аржағына көпір арқылы өтпек болған.  Алайда бала суға құлап кеткен, б үлдіршінін құтқарамын деген ана артынан секірген. Алайда жүзу білмегендіктен екеуі бірдей тұншыға бастаған. Абырой болғанда, жақын маңға «Бидайық» өткізу бөлімшесінің шекарашысы Сергей Гайдай машинасымен демалуға келген екен. Ол бір батып, бір шығып жанталасқан әйел мен баланы көріп көмекке ұмтылады.  ойланбастан суға суңгіп, ана мен баланы құтқарып қалған. Атап өткен жөн, су қоймасының тереңдігі 2-3 метр.  

СЕРГЕЙ ГАЙДАЙ, КИНОЛОГ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мен жұмыстан тыс уақытта демалып, балық аулауға шыққан едім. көпір жаққа қарап едім, оқушы екі қыз көмекке шақырып жатыр, ал суда батыпжатқан адамдарды көрдім. Бірден құтқаруға ұмтылдым. Жағаға шығарған бетте, бала ес түссіз болды. Оған алғашқы мелдициналық көмек көрсетіп, аман алып  қалдым. Мен үшін бұл ерлік емес. Мен тек бұны борышым деп білем.

Сергей Гайдай әскери қызметте жұмыс істеп жатқанына шамамен 3 жыл. Бүгін жас қызметкердің ерлігі еленіп, медальмен марапатталды.  

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Демалмай жатқан балаға алғашқы медециналық көмек көрсету, яғни жасанды демалдыру, жүрек тұсына массаж жасау арқылы баланы есіне келтірген. Бұл аталған жағдай тағыда атап айтып келеді, әрбір осында отырған және мынау БАҚ арқылы көретін азаматтардың барлығына үлгі болатын өте үлкен ерлік.

Құтқарылған әйел Махаббат Жетпісованың аяғы ауыр екен. Яғни Сергей Гайдайдың,  екі адамды емес, үш адамды құтқарғаны белгілі болды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...