ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

БҮТІН БІР ОТБАСЫ КҮЙІК АЛДЫ

18:03, 24 қыркүйек 2019

23-ші қыркүйекте Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында өрт шығып, бүтін бір отбасы күйік алды. От пештен шығып отыр. Бұл жолы үй иесінің олқылығы жанұясын о дүниеге аттандыра жаздады.

Қыркүйектің 23і   сағат 16:51де № 11-ші өрт сөндіру бөліміне Жамбыл ауданының, Благовещенка ауылындағы 2 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жарты сағаттың ішінде қызыл жалынды ауыздықтады. Үйдің иесі жанар-жағармайды қолданып пеш жақпақ болған, соның салдарынан қолындағы пластик бөтелке тұтанып, от жан-жағына тарапты.  Қазіргі кезде зардап шеккендер Жамбыл аудандық орталық ауруханасында ем алуда. Жалпы, жыл басынан облыста 497 өрт  оқиғасы тіркелген. Келтірілген шығын  47 млн теңге.  Тілсіз жаудың салдарынан 29 адам көз жұмса, 16 солтүстікқазақстандық түрлі жарақат алған.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ:

- Өрттің кесірінен үй иесі яғни 1990 жылғы ер адамның қол-аяғы, 1990 жылғы әйелдің беті мен тыныс алу жолдары, қол-аяғы және де 2014 жылы туған  баланың беті, аяқ-қолы мен тыныс алу жолдарын күйік шалған. Қазіргі кезде үшеуінің де жағдай ауыр. Үй иесі жаңар-жағар майды қолданып пеш тұтпақшы болған, бұл кезде жары мен баласы көрші бөлмеде болған. Бензин ер адамның үстіне және еденге төгілген. Анасы мен баласы үйден шығамыз деген кезде құлап, ауыр түрде жарақат алған. Айта кету қажет осы жылдың ақпан айында азаматтық қорғаныс органдарының мамандарымен дәл осы үйде нұсқаулық өткізілген болатын.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар