ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ДАУЛЫ ҮЙ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

20:42, 4 қазан 2019

Петропавлда 900 орындық мектептің құрылысына кедергі келтірген  Алтынсарин көшесіндегі  71 үй өртеніп кетті. Баспананың отқа оранғандығы жөнінде хабар өрт сөндірушілерге  қазанның 4-і күні таңғы алтыларда жеткен. Мамандар қызыл жалынды шамамен 1,5 сағаттан кейін толықтай ауыздықтады. Екі қабатты толық салынып бітпеген үйдің шатыры және қасындағы шаруашылық нысандары жанып кетті. Өрттің шығуына не себеп? Оқиға орнында тиісті органдар жұмыс істеп жатыр.  

Жас өркен ықшам ауданында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысына кедергі болған үйде  Ромахиндер отбасы тұрған.  Олар баспананы бұзуға өз келісімдерін бермей, САЛДАРЫНАН оқу ордасының құрылысы тұралап қалған еді. Ал бүгін таңертең даулы үй өртке оранды.  Отбасы қалалық әкімдіктің ұсынысын қабыл алып, үйді  үш бөлмелі 2 пәтерге алмастыруға келісіпті. Бірақ уақыт өте келе өтемақыны лайықты емес деп шешіп, өз ойларынан айнып қалады. Үй иелері ескі  баспананың орнына үш бөлмелі 4 пәтер сұраған. 

СВЕТЛАНА РОМАХИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Үйімізде өрт шыққанын осы маңда тұратын туысымыз бүгін таңертең хабарлады. Бұған дейін әр кеш сайын өзіміз осы жерді күзететінбіз.

Қалалық әкімдік мамандары өртенген үй тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің есебінде тұр. Аумағы 80 шаршы метрді құрайтын баспана Ромахиндер отбасынан мемлекет мұқтажы үшін алынды, оның орнына жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайтын   үш бөлмелі 2пәтер берілген.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін сағат 17: 00-де сот отырысы өтеді.Онда Ромахиндердің отбасын осы үйден мәжбүрлеп шығару мәселесі қаралады. Барлық заңды нормалар сақталған, шығарудан бас тартуға негіз жоқ. Өрттің шығу себебін анықтаймыз. Біздің бақылауымызда.

Ромахиндер отбасы  болса істің анық-қанығына жетпей қоймаймыз деп отыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
18:05, 16 қазан 2019
АҒАШТА АСУЛЫ ТҰРҒАН ЕР АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар