ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЕКІ ЖАСАР БАЛА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП, МЕРТ БОЛДЫ

20:44, 11 маусым 2019

11-ші маусым күні Петропавлда екі жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезінен құлап, көз жұмды.

Оқыс оқиға Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы бес қабатты үйлердің бірінде болған. Сәби түскі бірлер шамасында бесінші қабаттан құлап кеткен. Биіктен құлаған баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Бала терезе жақтауына шыққан кезде үйде анасы да, аға-әпкесі де болған екен. Алайда олар бір сәтке баланы көзден таса қылыпты. Тағы айта кететін жайт, терезеде москит тор болмаған. Жалпы  жыл басынан осындай 2 оқиға тіркелді. Олардың  біреуі осылайша қайғылы аяқталса, екіншісін мамандар арнайы саты арқылы шығып құтқарып қалды.

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Аталған оқиғаның бірінші себебі кішкентай баланың ойнап жүріп,  терезеге шығып кетіп құлауы. Осы жағдайларды ескере отырып барлық ата-аналарға мұқият болып, терезег арнайы маскет торларын қоюды айтамыз. Өйткені республикада осындай оқиғалар өте көп тіркелуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...