ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ

14:50, 11 шілде 2018

«Қазақстан Республикасының Президенті  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев өңір басшысы мен Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтай отырып,  Елордаға жасаған  ерекше сый үшін  ризашылығын білдірген жеделхат жолдады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жеделхатта былай делінген:

Құрметті Құмар Іргебайұлы!

Сізді және бүкіл Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады.

Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!,   -  Нұрсұлтан  Назарбаев

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
11:39, 21 қараша 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
20:56, 19 қараша 2018
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...