ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

17:52, 11 шілде 2018

Қазақ даласында соғыс оты шарпымаған отбасы жоқ. Әр отбасынан иығына мылтық асынып, майдан шебіне аттанған ержүрек аталарымыз бен әжелеріміз бар. Олардың ерлігін есте сақтау, құрмет көрсету жастардың, өскелен ұрпақтың міндеті. Ерболат Есенғали биыл  9-шы мамырда сол зұлмат жылдары жерін қорғамаққа кеткен өзінің атасы  Зайкен Бөбейдің Ресей Федерациясында жерленгені туралы хабар алды.

Зәйкен Бөбейұлы 1914 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген. Ағалы-інілі Нығман мен Зәйкен екеуі де соғысқа кетеді. Нығман үш айдан соң қан майданда ажал құшса, небәрі 24 жасында шайқас алаңына аттанған Зәйкен өзінің батылдығы мен ерлігі үшін взвод командирі, барлау ротасының командирі, аға лейтенант әскери шенін алып үлгереді. 1945 жылы Рагнит қаласы үшін шайқасып жатқанында Зәйкен Бөбейұлы қаңтар айында оққа ұшып, көз жұмады. Ауылда ұлдарын тосып жүрген сорлы шешеден туысқандары ақ жаулықты ана қайғы-қасіретке түседі деген оймен жауынгерлердің дүниеден озғанын жасырады.

Жақсының аты өлмейді демекші ержүрек асыл азаматтың ерлігін өзінен туған ұрпағы болмаса да, туған-туысқандары есте сақтаған. Ерболат Есенғали атасының ерлігі туралы бала кезінен өзінің ата-анасынан, аға-әпкелерінен естіп өскен. Әкесі Ержан - Зәйкен Бөбейұлының жерленген жерін іздемекші болған, алайда мүмкіндік болмағанын айтады. Сол себепті Ерболат Ержанұлы 10 жыл бойы жауынгердің жерленген жерін іздеумен болған.

ЕРБОЛАТ ЕСЕНҒАЛИЗӘЙКЕН БӨБЕЙДІҢ ҰРПАҒЫ:

Менің әкем марқұм ескі суреттерді ашып альбомды қараған сайын мақтан тұтушы еді. Офицер фотографиясын көрсетіп, сол кезде айтатын да ағаларын сияқты қызмет етіндерҚазір официальный барлық құжаттары табылды. Подольскі деген Подмосковьеде үлкен архивте бұл кісінің құжаттары шықты. Соның ішінде жазылған екен 1942 жылы жараланған, командир развед роты болған екен. Сосын 1943 жылы медаль за отвагу алған екен.

Шілденің 1 мен 7 аралығында Калининград облысы Неман қаласында атасының аруағына тағзым еткен Ерболат Ержанұлы оның зиратын іздеу жұмыстарын ғаламтордан бастапты. «Подвиг народа» атты сайтта қаһарман атасы туралы аз болса да ақпарат тапқан. Кейін Ресейдегі ардагерлер кеңесімен хабарласып, сол жақтан да көп көмек алды.

НАДЕЖДА КУДИМОВА, НЕМАН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ:

- Бізде қонақта жерімізде жерленген батыр Зәйкен Бөбейдің ұрпағы Ерболат Есенғали. Ол көп жылдар бойы өзінің туыстарымен бірігіп атасын іздеу бойынша жұмыстар жүргізген. Алайда біздің құжаттар құпия ретінде сақталған болатын.

Зәйкен Бөбейұлы соғысқа дейін ауылда жұмыс істеп, оқып жүрген жастардың бірі еді. Әттең өзінен тараған ұрпақтар жоқ дейді Ерболат Ержанұлы.

ЕРБОЛАТ ЕСЕНҒАЛИ, ЗӘЙКЕН БӨБЕЙДІҢ ҰРПАҒЫ:

- Ол ағамыз 1938 жылы Қызыл Әскер алынған 24 жасында Сосын Фин соғысына қатысқан.Сол соғыстан аман есен оралғанда бұл ағамыз лейтенант шенімен келген. Преснов селосында райпотрепсоюз қызмет еткен.Содан 1 июль күні соғыс басталғаннан кейін запастағы офицер болғандықтан ағамызды соғысқа алып кеткен.

Батыр атасы шейіт болған жерге Ерболат ағамыз Қанапия әжейдің зиратынан топырақ апарған. Мұнымен ол іздеу жұмыстарын тоқтатпақ емес. Енді ол Зәйкен Бөбейдің қандай майдан шептерінде болғанын, басқа да марапаттарын ізмек.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, ерлік, Отан үшін шайқас, батыр, жауынгер

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
11:39, 21 қараша 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
20:56, 19 қараша 2018
ПЕТРОПАВЛҒА ПРАВОСЛАВТЫҚТАР ҮШІН ҚАСИЕТТІ БЕЛБЕУ ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...