ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ

15:30, 6 тамыз 2018

Есiл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін әуелі Ленин, содан кейін Мәскеу ауданы аталып келді. Есіл ауданы – ортақ қазаны үзіліссіз қайнаған, Қызылжар өңірінің киелі мекені. Ерке Есілдің жағалауында бой көтерген, өзінің нулы ормандары, терең өзен-көлдерімен танымал ауданның 90 жылдық мерейтойын есілдіктер  бар сән-салтанатымен тойлады. Бұл күні ауданның өсіп-дамып,өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азамат  түрлі марапаттарға ие болды.

Сан ұлттың алтын шаңырағына айналған, жеріне құт-береке дарыған, бауыры байлыққа, табиғаты тарихқа толы құтты мекеннің мерекелік кеші «Болашаққа бастаған 90 жыл» атты салтанатпен бастау алды. Бұл күні елім, жерім деп жүректері соққан бірқатар есілдіктердің ерең еңбегі елеусіз қалмады. Солардың бірі ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан Геннадий Викторов.Ол ғұмырының жартысын осы ауданның өсіп-өркендеуіне арнаған. Ауданның  бұрынғы бас агрономы өңірімізге Чувашиядан келген. Осы жақтың қызына ғашық болып, үйленіп, отбасын құрған. Содан бері Геннадий Викторович Есіл ауданын екінші туған жерім деп айтады.Қазір зейнет демалысында болса да өзінің білген-түйгенін жас буынға үйретіп жүрген құрметті азаматтардың бірі.Бұл күні ол   Ауыл шаруашылығы Министрлігі ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды.

ГЕННАДИЙ ВИКТОРОВ, ЕҢБЕК  АРДАГЕРІ:

- Мен өзімнің еңбек жолымды 71-ші жылы Ульянов кеңшарында бөлім агрономы болып бастаған едім.Ал соңғы жылдары бас агроном болып қызмет еттім.Елімнің қара топырағы құнарлы, егінге жақсы.Әрине осы жылдар аралығында ауыр күндер болды, бірақ соған қарамастан өңірміздің мықты әрі қайсар,еңбекқор азаматтарының арқасында қазіргі уақытта Есіл ауданы өңіріміздің нанмен қамтамасыз етіп отырған берекелі мекен. 

Есілдіктердің  айтуынша мемлекетіміз Тәуелсіздік алғалы бері ауыл шаруашылығының дамуына барлық жағдай жасалуда. Заманауи техника жеткілікті, іске мамандар араласуда. Оларды Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылық колледжі даярлайды.Бүгінгі таңда білім ордасы 10-ға жуық мамандық бойынша студенттерге білім береді.

БЕЙІМБЕТ БҰҒАСОВ, Ж. ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ   АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні міне біздің өзіміздің Есіл ауданының мерейтойы өтіп жатыр.Ауданның құрылғанына 90 жыл.Сол мерекемен жерлестерімді құттықтаймын.Ауданның жетістіктері одан да көп молайа берсін. Ауыл шаруашылық колледжі негізінен осы салаға қажет мамандарды дайындайды.Ол мал дәрігері,агроном, орманшы.

Сонымен қатар бұл күні Явленка ауылында 9 киіз үй тігіліп,  қонақтар үшін дастархан жайылды. Мерейтойға келгендерді есілдіктер ән-бимен қарсы алды.

- Біз Николаевка ауылынан келдік. біз  молдова этно-мәдени орталығының өкілдеріміз. Бүгін қонақтарымызға арнап молдованың ұлттық тағамдарын әзірлеп әкелдік. Мереке құтты болсын.

- Бүгін мына ауданымыздың 90 жылдық тойына жиналып отырмыз барлығымыз.Енді сол мереке құтты болсын.Әрқашанда осындай жақсылық,той болсын.

- Есіл ауданының тойы құтты болсын.90 жыл деп жатыр ғой тағы да сондай 90 жыл өркендеп,өсе берсін.Елімізге тиыштық,бірлік беріп, көркейіп,жарқырай берсін.Егін-шөбіміз мол, уайымымыз жоқ болсын.

- Міне бүгін біздің ауданымыздың 90 жылдығы тойланып жатыр.Өте қуаныштымыз.Ауданымыз бұдан да жақсы гүлденіп,өсе берсін.

Елдігімізді танытып, бүгін мен кешегінің арасын жалғап, болашаққа қарымды қадам жасайтын, ақ тілектер алқа болып тағылған той мерекелік концертпен жалғасты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Есіл ауданының 90 жылдық мерейтойы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
15:00, 7 тамыз 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ  КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:35, 6 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕР МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАСАП ШЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар