ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН ДОСТЫҚ

14:27, 8 қараша 2018

Қазақстан мен Ресей ежелден үйі аралас, қойы қоралас жатқан, ынтымақ-бірлігі жарасқан елдер.  Оған тарихымыз куә. Петропавлдағы Абылай ханның ақ үйі де кезінде орыс патшайымы Екатерина ІІ тапсырысымен салынған екен. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында ғимарат қалпына келтіріліп, қазір ол облыстың көрікті жеріне айналған.

Абылайхан резиденциясының орнында 1765 жылы ағаштан тұрғызылған Абылайдың ақ үйі болған деген деректер бар. Ресей мемлекеттік архивінде ханға үй тұрғызу жөніндегі хаттар сақталған. Шекаралық өңірде салынған ғимарат сол кезде саяси келіссөздерді жүргізуге арналуы мүмкін.     

НАЗГҮЛ БЕЙСЕМБИНА, АБЫЛАЙХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Абылайханның сыртқы саясаты икемділік пен мәмілеге келушілікпен жүргізілген. Ресей және қытай сияқты Ұлы державалармен қарым-қатынасы айрықша болған. Олардың ықпалын қазақ жеріне тигізбей, қазақ елінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қала алды.

18 ғасырдағы сыртқы саясаттың басты мақсаты жаулардан қорғануда қолдау табу еді. Абылай Ресеймен татулық, достық қатынас орнатып, олардың көмегімен қазақ елін жоңғар басқыншылығын талқандауды көздеді. Көрші елмен ынтымақтастығы қауіпсіздікті ақтап қана қоймай, Петропавл жерінде  сауда-саттықтың дамуына да ықпал етті.

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ТІЛШІ:

- Абылайханның Орыс империясының басшылығымен қарым қатынасын дәлелдейтік құжаттар облыстық архивте көздің қарашығындай сақтаулы. Ең көнесі 1738 жылы абылайдың Ресей елшісі Тевкелевке жазған хаты. Мұнда қазақ және орыс халықтарының достығы жайында жазылған.

Архивте Абылай ханның Ресей империясына кейбір мәселелерді шешуге көмектесуді сұраған хаттары,  тағы бір құжатта Қазақ хандығының оңтүстік шекарасын нығайту үшін әскери Одақ құру туралы ұсынысы сақталыпты.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Екатерина екінші Абылайға хан атағын береді. Жаңағы хатта Абылай 1771 жылы Түркістанда бүкіл қазақтар жиналып, бүкіл қазақ одығының ханы деп жарияланғанын айтады. Осы шешімді қолдау мақсатымен патент берілген болатын, сол патент осында бізде.

Абылай хан тарихымызда аса ірі тұлғалардың бірі. Оның ақыл-айласы, жүргізген саясаты ел тұтастығын сақтап қалды. Осы орайда көрші Ресеймен достық қатынасы елеулі рөл атқарды деуге болады. Бұл күндері Петропавлда өтіп жатқан Форум ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынастың  бірден-бір дәлелі.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...