ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ГАЗ ИІСІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МАЗАСЫН АЛДЫ

20:40, 18 маусым 2019

Кешеден бері Петропавл қаласының тұрғындары «Жас өркен» ықшам ауданынан тараған газға ұқсас қатты иіске шағымданып жатыр. Жергілікті билік өкілдері қазір жақын маңдағы су құбырлары мен ауаның сынамаларын алып, адам денсаулығына қаншалықты зияны бар екендігін анықтауда. Газдың қашан және қайдан таралғанын тілшіміз Самат Сапаралы анықтап көрді.

САМАТ САПАРАЛЫ, ТІЛШІ:

- Петропавлда ауаға тараған газдың иісінен демалу мүмкін емес. Осындай ақпарат кеше кешкісін әлеуметтік желіде тараған болатын. «Қызылжар су» апаттық қызметі мамандарының сөзінше жағымсыз иіс дәл осы «Жас өркен» ықшам ауданынан бастау алған. Мамандардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша бұл иістің себебі кәріз құбырына төгілген химиялық заттардың немесе газ қалдықтарынан соң болуы мүмкін.

Петропавлдағы Борис Петров пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында тұратын тұрғындар газдың иісін жұма күні кешкісін сезген.  Әуеліде аса мән бермегенімен сенбі, жексенбі күндері күшейіп, дүйсенбі күні тіпті далаға шыға алмайтын күйге жетіпті. Тұрғындар мүңкіген иіс жабық тұрған есік, терезелерден де кіріп, өзімізді жаман сезіндік дейді.

ИРИНА ШОЛЬ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Терезені жапсақ ауа жоқ, қайта ашсақ та ауа жетпейді. Кешеден бері дабыл қағып түрлі қызметтерге хабарластық, олар келді, бірақ одан ешқандай да пайда болмады. Құдықтарды, кәріз құбырларын шайып жатты, бәрібір иіс кеткен жоқ. Қазір кішкене жөнге келді, бірақ үйде отыра алмайсың.

НАТАЛЬЯ БОНДАРЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бүгін зертханадан ба, білмеймін бір жас қыз келіп, «екі күн шыдаған болсаңдар, әрі қарай да өлмейсіңдер» деп келемеждеп кетті. Адамдармен солай сөйлесуге бола ма? Бұл үйлерде балалар мен ересектер де, қарттар да тұрады.

Экологтар мен «Қызылжар су» ЖШС арнайы  мамандары газ тарады деген аумақтардағы бірнеше құдықтардан судың сынамаларын алып, зертханалық тексеруге жөнелтті. Қазір қалада иіс таратқан заттың дәл қай құдыққа төгілгені анықталуда.

ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір жергілікті атқарушы қызмет өкілдері мен төтенше жағдайлар департаменті, сонымен қатар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірге судың, ауаның құрамын тексердік. Оның нәтижесі бойынша ауадан тараған иістің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқтығы анықталды. Бүгін таңертең қала әкімі жедел штаб құрып, арнайы жоспар бекітілді. Қазір оның себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеевтің сөзінше газға уланып, немесе ауаның жеткіліксіздігіне байланысты денсаулық сақтау орындарына шағымданғандар жоқ.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір де жұмыстар жалғасып жатыр, әрбір құдықты тексеріп, сол иісті байқап жатырмыз, анализ жасап отырмыз. Көмірқышқыл газ, сосын күкірт, сутегі дейді ғой, метан 17-сі күні таңертең болды, кешке қарай болған жоқ. Оны біз бақылауда ұстап отырмыз.

Жалпы Петропавлда 5600 құдық орналасқан, оның бәрін назарда ұстау мүмкін емес деген билік өкілдері кімде-кім осы жағдайдың куәсі болған болса хабар беруін сұрап, халықтан қандай да бір ақпарат күтетінін жасырмайды.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Сынамалардың қорытындысы бойынша рұқсат етілген шектеулі консентраттардың, анықталған заттардың мөлшері көп емес. Метанол, сағат 4 кезінде алды біздің мамандар, кешке қарай түнгі 1-ден таңғы 4-ке дейін зертхана мамандары жұмыс істеді. Онда жаңа мен айтқандай сероводород, метил меркаптан, көмірқышқыл, амиак, азут, финол сияқты заттар тексерілді. Олардың да көрсеткіші рұқсат етілген шектеулі консентрациядан көп емес.

Қазір облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері көшелерде орнатылған камералар арқылы, жағдайдың кім және қашан жасағанын тексеріп жатыр.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН БАЛА ҚҰЛАП КЕТТІ
20:43, 20 тамыз 2019
КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН БАЛА ҚҰЛАП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...